Мерекеге орай Жамбыл облысының ХҚКО-ларында қарияларға зейнетақы куәліктері берілді
- авторjambylinfo.kz
- 1 қазан, 2024
- 195
Мерекеге орай Мемлекеттік Корпорацияның Жамбыл облысы бойынша филиалы акция өткізді. Бұл күні ХҚКО қызметкерлері зейнеткерлерді құттықтап, зейнетақы куәліктерін табыстады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Қарттар күні еліміз бойынша барлығы 800-ге жуық азамат куәлік алды. Ең көп зейнетақы куәліктері Алматы қаласында және Түркістан облысында, ал ең аз мөлшері Ұлытау облысында берілді.
Аталған қызметті алушылар зейнетақы куәліктерін тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары деңгейде болғандығы, сондай-ақ ыңғайлы сервистер арқылы жүзеге асқандығы жайлы айтты
Айта кетейік, күніне филиалдың фронт-офистеріне 46-ға жуық қызмет алушы зейнетақы тағайындау қызметі бойынша жүгінеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда 2,5 миллионға жуық зейнеткер бар, олардың 136 мыңнан астамы Жамбыл облысында тұрады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз