Мұғалімдерді ақылы семинарға мәжбүрлеп қатыстыру: Министр мәлімдеме жасады
- авторМағжан Орынбасар
- 20 мамыр, 2025
- 448

Үкімет отырысының брифингінде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа журналистер кейбір өңірлерде мұғалімдердің ақылы семинарларға қатысуға және газет-журналдарға мәжбүрлі түрде жазылуға қатысты шағымдар барын жеткізді. Олар мұндай әрекеттердің қаншалықты заңды екенін сұрады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, елімізде 8 мыңға жуық мектеп пен 600 мыңға жуық мұғалім бар. Алайда мұндай келеңсіз жайттар нақты қай өңірде, қай мектепте болып жатқанын анықтап, заң бұзылған жағдайда тиісті шаралар қолданылатынын мәлімдеді.
- Расында, ақылы семинарлар өткізуге қажеттілік жоқ. Өйткені «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы жүйелі түрде тегін курстар өткізіп отырады. Сондай-ақ, әр өңірде өздерінің әдістемелік орталықтары бар. Қосымша семинарлар да тегін өтуі тиіс. Егер мұғалімдерді мәжбүрлеп ақылы шараларға қатыстыру фактілері болса, бұл – жергілікті білім бөлімдерінің бастамасымен жүзеге асып жатқан жағдайлар. Кейде бұл 5-6 мектеп көлемінде орын алып, бүкіл ел бойынша таралғандай әсер береді. Бірақ нақты фактілер болса, біз заңға сай әрекет етеміз, – деді оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Ұқсас жаңалықтар
Павлодарлық студент Google компаниясынан арнайы шақырту алды
- авторБақытжан Бекболат
- 29 мамыр, 2025