Білім
Мұғалімдердің құқығын таптаған мектеп директорлары жазаланды
- авторМағжан Орынбасар
- 31 желтоқсан, 2024
- 1.3k
Лауазымды тұлғалар 2 мыңнан астам ұстаздың демалыс алу бойынша өтінішін орындамаған
Мұғалімдердің құқығын таптаған мектеп директорлары жазаланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жетісу облысының прокуратурасы «Заң және Тәртіп» идеологиясын бекіту аясыңда, білім беру мекемелеріңде жұмыс істейтін 2 мыңнан астам мұғалімдер мен қызметкерлерінің бұзылған конституциялық құқықтарын қалпына келтірді.
Тексеру барысында Ақсу ауданындағы 35 орта мектепте Еңбек кодексі талаптарының сақталмауы саласындағы бұзушылықтар анықталды.
- Еңбек кодексінің 97-бабының 3-бөлігіне сәйкес жұмыс беруші қызметкердің өтінішінен кейін бес күнтізбелік күн ішінде ақысыз демалыс беруі тиіс деп көрсетілген. Алайда осы талаптарға қарамастан мектеп директорлары қызметкерлерге мұндай демалысты беруден бас тартқан. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мұғалімдер мен білім беру мекемелерінің басқа да қызметкерлерінің конституциялық құқықтары қалпына келтірілді,- деп хабарлайды.
Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ұқсас жаңалықтар
Білім
Елімізде конкурс өткізу арқылы ректорларды тағайындаудың жаңа жүйесі енгізілді
- авторМағжан Орынбасар
- 30 желтоқсан, 2024