Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,99 теңге
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 523 – 532 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ұлттық банктің 31 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 523,54 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,99 теңге. Еуро — 546,47.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 523,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 528,5 теңге. Еуро 543 — 550 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 525 теңге, сатып алу құны — 532 теңге. Еуро 543 теңгеден сатылып, 553 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,85 - 5,10 аралығында саудаланып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Экономика
Нарықта доллар, еуро мен рубльдің бағамы қандай болып тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024