Келесі жылы сынып жетекшілерінің үстемақысы 3 есеге артуы ықтимал. Бұл туралы Оқу- ағарту министрі Ғани Бисембаев журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Министрдің айтуынша, сынып жетекшісіне төлейтін қаржыны үш есе көбейту бағытында жұмыстар жүріп жатыр.
"Бұл тек министрліктің құзырында емес. Экономика, қаржы министрліктерімен бірлесіп шешілуі тиіс. Осыған мүдделі мемлекеттік органдардың араласуымен шешіледі. Біз өз тарапымыздан барлық есептеулерді жасап болдық. Келесі жылы сынып жетекшісіне төлейтін қаржы өсуі ықтимал», - дейді Ғани Бейсембаев.
Бұған дейін министр сынып жетекшісіне төлейтін қаржыны яғни 8 мың теңгеден 30 мыңға дейін көтеру көзделіп отырғанын айтқан болатын.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз