Мектептерге 8 мыңға жуық кәсіби бағдар беруші маман тартылмақ
- авторСадуақас Айсұлу
- 21 сәуір, 2025
- 165

Астанада "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен "Counseling as a Culture" атты IC3 халықаралық форумы өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Форум кәсіби бағдар беру жүйесіндегі жаңа тәсілдер мен өзгерістерге арналды.
Бүгінгі таңда еліміздің білім беру ұйымдарында 1 159 педагог-кәсіби бағдар беруші еңбек етуде. Жаңа оқу жылында бұл сан 7 920-ға жетпек. Министрлік әр мектепке кәсіби бағдар маманын бөлу туралы бұйрық шығарып, нақты әрекеттерге көшті.
Форумға 200-ге жуық қазақстандық маман қатысты. Сонымен қатар, Канада, АҚШ, Қытай, Гонконг және Үндістаннан келген сарапшылар өз елдеріндегі тәжірибелерімен бөлісті. Олар оқушыларды ынталандыру және бағыт беру саласындағы заманауи әдістерді таныстырды.
Форум аясында білім көрмесі де ұйымдастырылды. Оқушылар мен ата-аналарға арналған бұл алаңда Қазақстан мен шетелдің (Канада, Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Гонконг, БАӘ) жетекші университеттері өз бағдарламаларын ұсынды. 1 000-нан астам адам көрмеге қатысып, оқу бағыттары мен сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат алды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Форум – осы бағыттағы білім мен тәжірибе алмасуға арналған маңызды диалог алаңы болды.
Ұқсас жаңалықтар
1 қыркүйектен бастап студенттерге арналған қаржыландыру артады
- авторБақытжан Бекболат
- 6 мамыр, 2025