Қоғам
Шымкентте блогер мұғалімнен 1,2 миллион теңге талап етті деген күдікке ілінді
- авторБақытжан Бекболат
- 21 сәуір, 2025
- 360

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала дерек бойынша, күдікті өз танымалдығын пайдаланып, мұғалімді қорқытып, беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты жариялайтынын айтып, одан 1,2 миллион теңге талап еткен, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Полиция кез келген бопсалау мен қысым көрсету әрекеті – адамның кім екеніне, қандай платформаны пайдаланғанына қарамастан, қылмыс болып саналатынын ескертеді. Азаматтарды мұндай жағдайларға жол бермей, бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырамыз", – деп хабарлады ведомство.
Келесі мақала