"Ұстаз" платформасы мұғалімдердің аттестациясына қалай әсер етеді
- авторМағжан Орынбасар
- 10 қараша, 2024
- 3.2k
Ал мұғалімдерді аттестациядан өткізу барысында жаңа платформа үлкен рөл атқармақ. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Қызылқұлова айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Оның сөзінше, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап педагогтердің үздіксіз кәсіби даму ұлттық платформасы енгізіледі. Онда аттестаттау автоматтандыру арқылы жүзеге асырылып, ұстаздардың кәсіби біліктілігі толықтай қамтылады.
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап педагогтердің үздіксіз кәсіби даму ұлттық платформасы енгізілгеннен кейін аттестаттау платформада автоматтандыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл педагогтің кәсіби қызметі туралы деректерді жинауды және өңдеуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе. Атап айтқанда, аттестаттау процесін автоматтандыру, яғни педагогтің жеке құжаттары мен оның біліктілік деңгейін анықтайтын қысқа мерзімде қорытындылайтын ақпараттық жүйеде тиісті материалдар автоматты түрде жинақталады және талданады. Бұл адами факторды толығымен шектейді, аттестаттау рәсімінде объективтілік пен ашықтықты орнату жоспарлануда,- деді ол.
Биыл Жамбыл облысында біліктілік бойынша аттестациялауға 10426 педагог өтініш берген. Оның ішінде 30 жылдық педагогикалық еңбек өтілімен 778 педагог біліктілік санатын растаған.
- Биыл сәуір-қазан айлары аралығында облыстың білім беру ұйымдарының педагогтерін аттестаттау рәсімі өткізілді. 2024 жылы 10426 педагог аттестаттауға өтініш берді. Облыстың аттестаттау комиссиясының шешімімен білім беру ұйымдарының аттестаттау комиссиясының шешімімен «педагог-модератор» біліктілік санатына 4904 педагог, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің аттестаттау комиссиясының шешімімен «педагог-сарапшы» біліктілік санатына 2800, облыстық білім басқармасының аттестаттау комиссиясының шешімімен «педагог-зерттеуші» біліктілік санатын 1944 педагогқа берілді. Сонымен қатар 30 жылдық педагогикалық еңбек өтілімен 778 педагог біліктілік санатын растады және жасы зейнеткерлікке 4 жылдан аз қалған 284 педагогтің біліктілік санаттары сақталынды,-деді Ләззат Қызылқұлова.
Ұқсас жаңалықтар
Биыл елімізде мектептерге 8 мыңға жуық педагог жұмысқа орналасты
- авторМағжан Орынбасар
- 11 желтоқсан, 2024