бейсенбі, 2 мамыр, 2024 23:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Тараздық оқушы су айдындарын қоқыстан тазалайтын робот ойлап тапты

Тараздық оқушы су айдындарын қоқыстан тазалайтын робот ойлап тапты
Сурет: jambylinfo.kz
Тараз оқушыларының робототехнология саласындағы жетістіктері көптің қызығушылығын оятып отыр, деп жазады jambylinfo.kz.

Мәселен, қаладағы №7 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Вячеслав Кузьмин «Темір-Батыр» атты робот жасап шығарғанын бұқаралық ақпарат құралдары жарысқа жазғаны есімізде. «Темір-Батыр» роботы – төтенше жағдайда өртті сөндіріп, қою түтін ішінде қалған адамды іздеп табуға қауқарлы. Вячеслав құрастырған құлтемір алдындағы кедергілерде кідірмей, арнайы орнатылған камера арқылы өрт ошақтарын анықтап береді. Құрылғы қашықтықтан басқарылады. Роботтың жанына жайғастырылған қос бактағы көпіршік не су 5 метр аумаққа дейінгі қызыл жалынды ауыздықтай алады. Өрт өршіген бүгінгі күні жас жеткіншектің жаңалығына жете көңіл бөліп, қолдау маңызды.

Тағы бір тараздық өрен Ағәділ Айтудың роботы су айдындарын қоқыстан тазалай алады.  Ағәділ экологиялық зияны жоқ қондырғысын арматура, 4 секірмелі доп, ілмектерден құрастырып шыққан. Сүзгіні Тасөткел су қоймасында сынақтан өткізген оның құрылғысы тиімділігі толық дәлелдеді.

Тараздағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Қанат Тәжіхан болса  атмосфераға зиянсыз электр энергиясын беретін жоба ойлап тапқан. Қанаттың қалқымалы электр энергиясын өндіретін панелдері жер үстіне емес су бетіне орналастырылады. The Future Solar Plant деп аталатын бұл жоба кәдімгі күн электр станцияларымен салыстырғанда 65 пайызға дейін көп энергия өндіруге мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, қазір Таразда 86 жалпы білім беретін мектеп бар, онда 85 мыңнан аса оқушы білім алады.

 

Тахмина Әшірбай

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар