сенбі, 23 қараша, 2024 13:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық бизнесмен «АрселорМиттал Теміртауды» мемлекеттік ақшаға сатып алғаны рас па

Қазақстандық бизнесмен «АрселорМиттал Теміртауды» мемлекеттік ақшаға сатып алғаны рас па
Сурет ашық дереккөзден алынды
Жылдық табысы екі млрд доллардан асатын комбинатта отыз мыңнан аса адам еңбек етеді

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қазақстандық бизнесмен Андрей Лаврентьев Qarmet-ті (бұрынғы «АрселорМиттал Теміртау») мемлекеттік ақшаға сатып алды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 


Бұған дейін желіде Qarmet-тің жаңа иесі Андрей Лаврентьев кәсіпорынды мемлекеттің қаржысына сатып алды деген ақпарат тараған еді. Бүгін мәжіліс кулуарында журналистер өнеркәсіп министрінен мұның рас-өтірігін сұрады. 


«Qarmet-тің акциялар пакетін сатып алуға мемлекеттік ақша жұмсалған жоқ. Бұл толығымен жеке инвестиция болды. Қарапайым сұраққа қарапайым жауап», деді Шарлапаев. 


Шенеуніктің айтуынша, кәсіпорында отыз мыңнан аса адам еңбек етеді, жылдық табысы екі миллиард доллардан асады. 


«Сондықтан егер компания басқа банктерден немесе Қазақстан даму банкінен ақша тартса, бұл бизнесті коммерциялық жолмен жүргізу деген сөз. Мен тағы да қайталап айтамын, жүз пайыз акциялар пакетін сатып алуға мемлекеттің ақшасы жұмсалған жоқ», деп сендірді ведомство басшысы. 


Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың соңында Қарағанды металлургиялық комбинаты қазақстандық компанияның меншігіне берілді. "АрселорМиттал Теміртауды» қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев сатып алды. Ал компанияның атауы "Qarmet" болып өзгерді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар