жексенбі, 24 қараша, 2024 3:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан ажырасудан әлемде екінші орынға шықты

Қазақстан ажырасудан әлемде екінші орынға шықты
ғаламтор
Әлем бойынша дәм-тұзы жараспаған ерлі-зайыптылардың көш басында Мальдив аралдары тұрса, екінші орында Қазақстан тұр. Біздің елде ажырасу көрсеткіші 2024 жылдың басында 1000 адамға шаққанда 4,6-ны құрады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Ranking.kz сайтының жазуынша, 2023 жылы Қазақстанда 120,9 мың жұп неке қиды, бұл 2022 жылға қарағанда 6%-ға аз. Бұл ең төменгі көрсеткіш екенін айта кеткен жөн. Бұған дейін 2008 жылы халық саны 16 миллион адамға жетпесе де, ресми түрде 135 мыңнан астам жұп неке қиған болатын.  

2023 жылы Қазақстан қалаларында тіркелген неке саны – 6,4%-ға (80 мыңға дейін), ауылдарда 5,1%-ға (40,9 мыңға дейін) азайды.

Ажырасу саны да рекордтық төмен көрсеткішке жетті: былтыр 16,8 мың жұп ажырасты және бұл 2022 жылға қарағанда 5,3%-ға аз. Қалада ажырасу саны – 5,2%-ға (12,4 мыңға дейін), ауылда 5,5%-ға (4,4 мың жұпқа дейін) азайған.

Өңірлер бойынша отбасы құрғандар саны жөнінен Алматы алда тұр: 2023 жылы 13,1 мың жұп некелесті және бұл 2022 жылға қарағанда 4%-ға аз. Одан кейінгі орында – Түркістан облысы (11,8 мың) және Астана (10,4 мың. Ең аз неке Ұлытау облысында тіркелген – 1,5 мың жұп.

Ажырасу жөнінен де Алматы бірінші орында: 2023 жылы – 2,3 мың, 2022 бір жылға қарағанда 2,1%-ға аз. Одан кейінгі орында – Қарағанды ​​облысы (1,5 мың) мен Астана (1,5 мың). Ең аз ажырасу да Ұлытау облысында тіркелді – небәрі 198.

Сарапшылар еліміздегі ажырасудың негізгі себебі деп туыстарының араға түсуін (61%), моральдық шектеулердің болмауын (41%), ажырасу процесінің жеңіл болуын (25%) атап өтті.

Ажырасу көрсеткіші жоғары болғанымен қазақстандықтар неке институтын әлі де жоғары бағалайды. Зерттеулер жастардың 82,5%-ы болашақта отбасылы болатынына сенеді.

 Рейтингте Мальдив аралдары көш бастап тұр. Қазақстаннан кейінгі орында Ресей (1000 адамға 3,9), Беларусь (1000 адамға 3,5) және Қытай (1000 адамға 3,2) келеді.

Ажырасулардың ең төмен көрсеткіші Үндістан, Мозамбик және Кения сияқты елдерде тіркелген.

Тахмина Әшірбай

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар