Білім
Вакцина салдырған ЖОО студенттері Ыстықкөлге жолдама ұтып алды
- авторjambylinfo.kz
- 5 тамыз, 2021
- 255
Вакцина салдырған ЖОО студенттері Ыстықкөлге жолдама ұтып алды
Вакцина алған студенттер мен ЖОО оқытушыларына ынталандыру сыйлығы беріліп жатыр бастады.
Қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары түрлі ынталандыру сыйлықтарын ала бастады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша университеттер білім алушылар мен қызметкерлер арасында вакцинацияны қолдауды ынталандыру шараларын әзірлеген.
Енді олар берілген мүмкіндіктерді пайдаланып жатыр. Мәселен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері мен оқытушылары арасында Ыстықкөлге жолдама ойнатылды. Нәтижесінде 40 студент пен оқытушы жаңа оқу жылы қарсаңында демалысқа жолдама алды. Акция алдағы уақытта да жалғасады. ҚазҰУ вакцинацияланған білім алушыларға студенттер үйінде тұруға жеңілдіктер, тегін тамақтану талондары, жол ақшасының қосымша төлемдері, тіл оқыту курстарына сертификаттар және т.б. сыйлықтар беріледі.
«Мен өзімнің құрдастарымның арасында алғашқылардың бірі болып вакцина алдым. Өйткені барлық студент коронавирусқа қарсы вакцина алуы керек деп санаймын. Ең алдымен, өз денсаулығын және жақындарының денсаулығын қорғау керек. Дегенмен, университеттегі осындай акциялар вакцина алуды ынталандырды. Біз саналы азаматтар ретінде барлық сақтық шараларын сақтадық және оқу жылы басталар алдында демалыста болдық. Вакцинациядан кейін біз дәстүрлі оқыту форматына және бұрынғы студенттік өмірге ораламыз деп сенемін», — дейді ҚазҰУ студенті Ақнұр Шайдуалина.
Жоғары оқу орындарының оқытушылары да өз әріптестерін вакцинациялауға шақырады.
«Вакцинациялау бойынша акция шеңберінде біз студенттер мен оқытушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Корпус аумағында вакцинациялау пункті жұмыс істейді. Ол жерде барлық қажетті жағдай жасалған. Менің ойымша, барлығына вакцина алу қажет. Бұл ұжымдық иммунитетті қалыптастырады. Вакцинацияланған студенттер мен оқытушылар үшін университет басшылығы барлық ынталандыру шараларын қарастырғаны қуантады. Бұл қазіргі кезде өзекті», — деп атап өтті ҚазҰУ оқытушысы Ақылбай Арыстанбек.
Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушылар құрамының жартысы және 18 жастан асқан 4 мыңнан астам студент пен қызметкерлер егілді.
Акция басқа отандық жоғары оқу орындарының студенттері арасында да өткізілді. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сovid-19 індетіне қарсы вакцина алған студенттеріне жылдық оқу ақысына жеңілдік, Қапшағайға жолдама, ақшалай сыйақы, ағылшын тілін оқыту курсына және дүкеннен кітап сатып алуға сертификаттар берілді.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Вакцина ал да, жүлде иегері бол!» атты акция ұйымдастырды. Жоғары оқу орнының вакцинацияланған қызметкерлері мен студенттері Нұр-Сұлтан қаласына және жазғы лагерьлерге жолдамалар, фитнес-зал мен бассейнге тегін абонементтер, сондай-ақ университет жатақханасында тұруға жеңілдіктер алды. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде қызметкерлердің 90 пайызға жуығы және білім алушылардың жартысынан көбі коронавирусқа қарсы вакцина алған.
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде вакцинацияланған студенттер арасында ақшалай сертификаттар ойнатылып, 50 студент 15 мың теңге ақшалай сыйлық ұтып алды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Індет күннен-күнге өршіп барады
Ұқсас жаңалықтар
Білім
Қазақстандағы мектептерде тамақ мәзірінің жаңа стандарты әзірленеді
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024