бейсенбі, 15 қаңтар, 2026 17:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Заң және тәртіп»: Білім беру мекемелерінде құқықтық сауаттылық айлығы басталды

«Заң және тәртіп»: Білім беру мекемелерінде құқықтық сауаттылық айлығы басталды
Орталық коммуникациялар қызметі
Бұл шара білім алушылар арасында құқықтық мәдениетті көтеру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқыққа деген құрметті қалыптастыруға бағытталған

Қазақстанда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» құқықтық сауаттылық айлығы өтуде. Оған еліміздегі барлық білім беру ұйымдарының оқушылары мен колледж студенттері қатысуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлімдегендей, бұл шара білім алушылар арасында құқықтық мәдениетті көтеру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқыққа деген құрметті қалыптастыруға бағытталған.

Айлық аясында заң нормаларын түсіндіру, құқық бұзушылықтың салдары туралы ақпараттандыру бағытында білім беру ұйымдарында түрлі кездесулер, дәрістер, дөңгелек үстелдер, тренингтер және өзге де іс-шаралар ұйымдастырылады. Өткізілетін шаралар барысында уәкілетті органдардың өкілдерімен бірге білім алушыларға құқық бұзушылық түрлері мен оған қатысты жауапкершілік туралы кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Қоғамда құқықтық тәртіп пен заң үстемдігін нығайту – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Осы орайда Қазақстан Үкіметі Қоғамда заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы бекіткен болатын. Құқықтық сауаттылық айлығы аясында ұйымдастырылатын іс-шаралар тұжырымдамада қарастырылған міндеттердің практикалық іске асуының бір бөлігі болып табылады.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар