жұма, 20 қыркүйек, 2024 10:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық оқушылар бір жылда 467 медаль жеңіп алды

Жамбылдық оқушылар бір жылда 467 медаль жеңіп алды
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Оның 57 медалі Халықаралық білім жарыстарына тиесілі

Бұл туралы Жамбыл облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Қызылқұлова «Дарынды оқушылардың жеткен жетістіктеріне» арналған брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz. 

 Брифингте айтылғандай, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға 64 оқушы қатысып, 29 оқушы жеңімпаз атанған. Нәтижесінде Жамбыл облысының командасы «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясына ие болған.

 Ләззат Қызылқұлова ауыл мектептері арасында білімді, өнерлі оқушылардың жетістіктеріне ерекше тоқталды.

«Ауыл мектептері арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада» ұйымдастырылған. Облыстан қатысқан 49 оқушының  22-сі  республикалық кезеңнің жеңімпазы атанған. Ал шығармашыл әрі талантты жастар ақындық өнерін шыңдап, көркем сөз оқу байқауларында облыс намысын қорғап жүр. Ауылды жерлердегі оқушылардың дарыны мен қабілетін қолдау мақсатында «Мың бала» ұлттық олимпиадасына соңғы үш жылда қатысқан 27 мың оқушының 357-сі жеңіске жетті. Қазіргі күні 224 оқушы мамандандырылған мектепке орналастырылған. Осы жетістіктердің барлығы облыс оқушыларының Жаңа Қазақстанның дамуына қосқан үлесі» – деді Ляззат Қызылқұлова.

 

 

Құралай Сейсенбекқызы
Автор

Құралай Сейсенбекқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар