бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 10:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 496 мың адамға жетті

Жамбылда спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 496 мың адамға жетті
Jambylinfo.kz
Бұл облыс тұрғындарының 40,6 пайызын құрайды

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Жамбылда спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 496 мың адамға жеткен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бүгінде бұқаралық спорттың дамуына тың серпін беру, облыс тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысуға тарту мақсатында облыста 303 спорт нұсқаушы жұмыс істеп жатыр. Дене шынықтыру және спорт басқармасының дерегінше,  өткен жылмен салыстырғанда биыл спорт нұсқаушыларының қатары 23 адамға өскен. Осылайша облыстағы 153 ауылдық округ толықтай спорт нұсқаушыларымен қамтылып отыр. Облыстың барлық аудандары мен Тараз қаласы әкімдіктерінің дене шынықтыру және спорт бөлімі жанынан бұқаралық-спорттық шараларды өткізу орталықтары ашылған. 

-    Нәтижесінде, қазіргі таңда шалғай елді мекендерде ұйымдастырылған спорттық іс – шаралардың саны ұлғайып, сапасы артты және қатысушылары көбейді. Бұл өз кезегінде облыста бұқаралық спорттың дамуына ықпалын тигізіп отыр. Өңірімізде Т.Рысқұлов, Қордай, Байзақ ауданындажәне Тараз қаласында балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлығы клубы ашылған. 2024 жылы жоспарға сәйкес аталған мекеме Жамбыл, Жуалы және Меркі аудандарында ашу жоспарланған,- деп мәлімдеді басқарманың баспасөз қызметі. 

Жыл басынан облыс бойынша барлығы 2 356 спорттық іс-шара ұйымдастырылған. Аталған шараларға 190 мың адам қатысқан. Ал, мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыруға биыл облыстық бюджеттен 1,2 млрд теңге қарастырылған. Нәтижесінде қазіргі таңда 65 орындаушы тарап 17 спорт түрі бойынша 4 пен 17жас аралығындағы 5 700 балалар мен жасөспірімдерді спорттық секциялармен тегін негізде қамтуда. Бұл үшін спорттық инфроқұрылым игілігі ауадай қажет. Мәселен, қазір облыста 15 спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде.

-    Бүгінгі таңда өңірде спортты дамыту мақсатында жаңа спорт нысандары бой көтеріп, халық игілігіне берілуде. Қазіргі таңда, 15 спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 2023 жылдан өтпелі 13 спорт кешені және жаңадан 2 спорт кешенінің құрылысы басталды. Бүгінгі күнге 4 спорт кешені қолданысқа берілді. Жыл соңына дейін 10спорт кешенін қолданысқа беру жоспарлануда. Қалған 1 спорт кешені 2025 жылға өтпелі болып отыр.  2024 жылы жоспарға сәйкес 34 спорт алаңшасының құрылысы жоспарланған. Бүгінгі күнге 7 спорт алаңшасы қолданысқа берілді.  Осындай игі істердің арқасында облыста халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі 64,9 пайызды құрады. 2024 жылдың қорытындысымен аталған көрсеткішті 66 пайызға жеткізу жоспарлануда,- делінген ресми жауапта. 

Басқарманың дерегінше, бүгінгі күні 805 облыс спортшысы түрлі деңгейдегі Ұлттық құрама командаларға мүше болып отыр. Ал, жамбылдық жас өрендер өткен жылы түрлі жарыстарға қатысып, 1655 медаль иеленген. 

-    Облыс споршылары 2023 жылы түрлі республикалық және халықаралық ресми жарыстарда 1 655медальға ие болды.  Бүгінгі күнге облысымыздың спортшылары 683 медаль алды. Оның ішінде: 223 алтын, 180 күміс, 280 қола медаль,- деп хабарлады басқарма.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар