Денсаулық
1 миллион адамға ыстықты түсіретін дәрі тегін беріледі
- авторjambylinfo.kz
- 20 қазан, 2020
- 197
1 миллион адамға ыстықты түсіретін дәрі тегін беріледі
Коронавирус диагнозы қойылған пациенттер, ПТР талдауының нәтижелеріне қарамастан, қызуды төмендететін дәрілер мен антикоагулянттарды тегін ала алады. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты.
Цойдың айтуынша, COVID-19 емдеуге арналған амбулаториялық деңгейдегі дәрілердің тізімі кеңейтілген.
Коронавирус диагнозы қойылған науқастар аурудың жеңіл формасы кезінде ПТР тест нәтижесіне қарамастан, тіркелген жері бойынша өз емханаларында емдеуші дәрігердің тағайындауымен қызуды төмендететін дәрілер мен антикоагулянттарды (қан ұюға қарсы препарат) тегін ала алады, - деді ол.Осылайша, 1 миллионға жуық адамды қамту жоспарланып отыр екен.
Қазірдің өзінде медициналық ұйымдарға 1,5 млрд теңге сомасында дәрі жеткізілді. Бұл шара инфекциялық және провизорлық орталықтарда науқас санын азайтуға, COVID-19 жеңіл түрлерін амбулаториялық деңгейде емдеуге, халықтың дәрілік заттар алу шығындарын төмендетуге, стационарлық емдеу үшін мемлекет шығындарын азайтуға мүмкіндік береді,- деді министр.baq.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала