сенбі, 23 қараша, 2024 12:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Қордай» мешіті қайырымдылық жасаудан жалықпайды

«Қордай» мешіті қайырымдылық жасаудан жалықпайды
ашық дереккөзі
«Қордай» мешіті қайырымдылық жасаудан жалықпайды

Қордай ауданында алпыстан астам мешіт бар. Соның ішінде аудандық «Қордай» мешіті 2005 жылы халықаралық жастар қоғамының президенті Саид Баюмидің және иманды кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен бой көтерген. Қазіргі таңда мұнда халықаралық қазақ-араб университетінің түлегі Дәурен Құттыбаев бас имам қызметін (ауданның да бас имамы) атқаруда.

Аталған мешітте 8 бейнебақылау камерасы орнатылған. Карантин уақыты басталғанға дейін мұнда жұма намазға шамамен 850-900 адам жиналатын. Мешітте екі найб имам, екі ұстаз бар. Орталық мешітте карантин талаптарын сақтай отырып,  35 ұл бала, 30 қыз бала діни сауат ашу курстарында білім алуда. Ал Масаншы ауылындағы «Қордай» құран қариларын дайындау орталығының оқыту мерзімі үш жылға ұзартылған. Мұнда бұрын тек дүнген ұлтының өкілдері сабақ беріп келген еді. Енді биылғы оқу жылында 3 қазақ ұстаз, 3 дүнген ұстаз дәріс беруде. Оның ішінде ауданның бас имамы да бар.

Аудандық «Қордай» мешіті карантин кезінде қайырымдылық іс-шараларды көп өткізуде. Індеттің өршіп тұрған кезінде аудандық орталық ауруханада жатқан науқастар үшін тәулігіне 100 адамға арнап азық-түлік таратты. Ауруханаға қатысты мұндай қайырымдылық ісі 4-5 рет өткізілді. Аталған орталық мешіт басқа да қайырымдылық істерден тыс қалған емес. Ауданның бас имамы алыс ауылдарды да аралап, нағыз мұқтаж отбасыларға көмек беруді, қолдау көрсетуді жалғастырып келеді. Ал келешекте аудандық мешітті кеңейтуді көздеп отыр.

–   Мешіт кең аулада орналасқан. Алдында оқыту ғимараты мен жатақханаға арналған нысандар бар. Мешіт жертөлесі бірер жыл бұрын жақсы жөндеуден өткен. Мұнда бір мезгілде бір мың адам сәждеге бас қойып, құлшылық жасай алады. Ал келешекте мешіттің артқы жағындағы бос жерді пайдаланып, имандылық үйін кеңейте түсуді көздеп отырмыз. Балаларға әріп танытып,  діни сауатын жоғарылату да күн тәртібінен түспейді. Оған осы кезге дейін жастар саясатында, имандылық бағытта жинаған тәжірибемді жұмсаймын. Қазір Қордайда діни ахуал тұрақты, - дейді Қордай ауданының бас имамы Дәурен Нұржанұлы.

Есет ДОСАЛЫ
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар