сейсенбі, 28 сәуір, 2026 14:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бір өңірде үсік, бірінде +34°С: Қазақстанда ауа райы құбылады

Бір өңірде үсік, бірінде +34°С: Қазақстанда ауа райы құбылады
Pixabay.com
Қазақстан аумағында алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады.

Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кей өңірлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін. Сонымен қатар түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.

Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түн мезгілінде жаңбыр мен сулы қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Ал елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл болуы мүмкін.

Сонымен бірге кей өңірлерде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады. Атап айтқанда, солтүстік және орталық облыстарда бүкіл кезең бойы күн ашық болады. Оңтүстік өңірлерде мұндай ауа райы 28–29 сәуірге, ал шығыста 29–30 сәуірге сәйкес келеді.

Ал батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде, сондай-ақ 28–29 сәуір күндері орталықта түнгі уақытта ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.

Дегенмен, күндіз республика бойынша ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Батыс өңірлерде +15…+20°С, солтүстік-батыста +17…+25°С, солтүстікте +21…+26°С болады деп күтілуде. Орталықта ауа +21…+30°С-қа дейін жылынса, шығыста +19…+27°С шамасында болады. Ал оңтүстікте +25…+34°С-қа дейін ысиды, оңтүстік-шығыста +22…+27°С аралығында сақталады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар