дүйсенбі, 25 қараша, 2024 20:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

75 медициналық қызметкерге вацинация жасалды

75 медициналық қызметкерге вацинация жасалды
ашық дереккөзі
75 медициналық қызметкерге вацинация жасалды
1 ақпанда Қазақстанда ресейлік «Спутник V» вакцинасымен халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау науқаны басталды. Алғашқылардың бірі болып оны облыстық денсаулық сақтау басармасының басшысы Әсет Қалиев салдырды. Ол қалалық емхана базасында вакцинацияланды. Вакцинация алгоритмі бойынша ол 30 минут медициналық бақылауда болды. Вакцинация алдында пациентті алдымен дәрігер тексеріп, қарсы көрсетілімі барларға салынбайтынын ескеру қажет. Температурасы, қан қысымы, басқа да денсаулық жағдайы тексерілген соң ғана вакцинация жасауға рұқсат етіледі. Пациент вакцинамен танысып, толық ақпарат алған соң, ерікті түрде келісім беріп, қол қояды. Егер науқас барлық процедураға келіссе, онда ол 21 күнде вакцинаның екінші дозасын алады, өйткені вакцинация екі сатыдан тұрады. Вакцинацияның алғашқы күні елімізде 2,5 мың медицина қызметкері екпе салдырады деп жоспарланған. Жамбыл облысында алғашқы күні 75 медициналық қызметкерге вацинация жасалды. 2021 жылғы 31 қаңтарда Қазақстанға ресейлік “Спутник V” вакцинасының бірінші партиясы келді. Аймақтың бас дәрігері өз сөзінде өңірлік медицина қызметкерлері вакцинациялау науқанына 100 пайыз дайын деп сендірген еді. Расында солай ма? деген сауалмен шаһардағы бірқатар емханаларды аралап ондағы жай-күйді көзбен көріп қайттық. Нәтижесі жаман емес. Адам жанының жанашырына айналған ақ халатылар жұмыстарын әу бастан ақ, бастап кеткен. Яғни, алдын ала вакцина сақтайтын тоңазытқыштар алынып, екпе егетін бөлмелерді де дайындап қойыпты. Өңірде профилактикалық егу жүргізу мәселелері бойынша стандартты операциялық рәсімдер бекітілді, облыста бір мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды. Бірінші кезекте халықтың жекелеген топтары — медицина қызметкерлері, полицейлер, әскери қызметкерлер және т. б. вакцинацияланады. Вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсеткіші жоқ, кәмелеттік жасқа толған адамдар жіберіледі. КВИ-ға қарсы вакцинация 2021 жылдың соңына дейін жалғасады, оған облыста 60 000 мыңға жуық адам қатысады деп жоспарлануда. Айта кету керек, тек вакцинация коронавирустың одан әрі таралуына жол бермейді және қатаң локдаунның жалғыз баламасы. Жалпы, адам соңғы алты айдың ішінде коронавируспен ауырып шықса, вакцина салудың қажеті жоқ. Бұдан бөлек, жүкті әйелдерге, ауыр аллергиясы мен вакцинаның құрамындағы заттарға жоғары сезімталдылығы бар адамдарға, 18 жасқа толмағандарға және 65 жастан асқандарға салынбайды. Бұдан бөлек, бірқатар ауруға шалдыққан адамдарға абай болу керек. Олар: бауыр мен бүйректің созылмалы аурулары; эндокриндік жүйенің бұзылуы ; қан түзілімі жүйесінің ауыр аурулары; Сондай-ақ, жүрек-қан тамыр аурулары бар адамдарға абай болуды ескертеді мамандар. Сонымен қатар екпе салардың алдында адам өз еркімен вакцина алуға қатысты келісімге қол қояды, я болмаса, одан жазбаша түрде бас тартады. Дәрігер вакцинаға келіскен адамды жан-жақты тексереді. Егер дене қызуы 37 градустан жоғары болса, вакцинация кейінге шегеріледі. Өйткені өте қауіпті індетті одан ары асқындырып алмас үшін жауаптылар барлық жағдайды қарастырған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар