Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындары 504,8 млрд. теңгенің өнімін өндірді
- авторjambylinfo.kz
- 2 ақпан, 2021
- 385
Былтыр Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындары 504,8 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Бұл туралы ӨКҚ алаңында облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандиар Сейсебаев айтты. Ал 2019 жылы облыс 464,8 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Облыста биыл 85 195 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеуге алыныпты. Оның ішінде нақты жұмыс істейтіндері 69 338 бірлікті құрап отыр. Спикер «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына да тоқталды. Бұл бағдарлама басталғалы бері жалпы сомасы 75,5 млрд. теңгені құрайтын 203 жоба бойынша жұмыстар жүргізілді дейді. Бүгінгі күнге оның 73,6 млрд.теңгені құрайтын 154 жобасы мақұлданған. Әзірге жалпы құны 49,5 млрд.теңгені құрайтын 143 жоба қаржыландырылыпты. Бағдарлама аясында 3 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік бар. Өндірісті 83,4 млрд. теңгеге арттыруға болады. Ал салық түсімдерін 7,9 млрд. теңгеге ұлғайту жоспарда.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
75 медициналық қызметкерге вацинация жасалды
Ұқсас жаңалықтар
Таразда балабақшалардың бірлескен семинары өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 қараша, 2024