сенбі, 23 қараша, 2024 3:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Аяздың қатерлі індетті өршітетіні рас па?

Аяздың қатерлі індетті өршітетіні рас па?
ашық дереккөзі
Аяздың қатерлі індетті өршітетіні рас па?

Қылышын сүйретіп «кәрі құда» қыс келісімен түрлі жіті респираторлы вирустық аурулардың өршитіні белгілі. Әсіресе әлемді коронавирус індеті алаңдатып тұрған шақта қыстың суығынан дұрыс қорғану қажеттігі туындап тұр. Мұндайда дәрігерлердің кеңесі ауадай қажет. Осы орайда жалпы тәжірибелік дәрігер Алмакүл Таурбековаға көптің көкейіндегі сауалдарды жолдап, жауабын алдық.

  [caption id="attachment_9865" align="alignleft" width="150"] width= Алмакүл Таурбекова[/caption]

– Қазір карантин талаптары жеңілдетілгенімен әлі де індетті ауыздықтау мүмкін болмай тұр. Осындай жағдайда ауруға қарсы тұрар иммунитетті күше

йту, жалпы вирустық инфекциялардан сақтанудың қандай қарапайым тәсілдері бар? – Расымен-ақ СOVID-19-ға шалдығу қарқыны елімізде алаңдатарлықтай күйде. Сондықтан арқаны кеңге салуға болмайды. Жалпы коронавирустан сақтану үшін міндетті түрде бетперде тағып және оны жиі ауыстырып тұру керек. Адам көп жиналған ортаға бармай, арақашықтық сақтау, қолды сабынмен жиі жуу қажет. Тіпті болмаса құрамында спирті бар антисептикпен тазалау міндетті. Коронавирус иммунитеті төмен, созылмалы аурулары бар адамдар үшін аса қауіпті індет. Ал иммунитетті көтеру үшін дәрумендердің маңызы зор. Көкөніс, жеміс-жидек, ет, балық, сүт өнімдері, бұршақ тұқымдас дәндерді көп жеу арқылы ағзамыз вируспен нәтижелі күресе алатынын естен шығармайық.

– Шіліңгір шілдеде ел ішінде жөтеліп, дене қызуы көтеріліп, суық тиген, тұмаудың белгілерімен сырқаттанғандар көп болды. Сондықтан да көпшілікті «Қыстың аязды күніндегі жағдай қалай болады?» деген сауал ойландырады. Тұмауға қарсы салдыратын екпе аурудан 100 пайызға қорғай ала ма? – Коронавирус төмен температурада жойылмайды. Күн суық болғанда вирустың таралу қаупі төмендесе, жылы ортаға түскенде қайтадан күшейеді. Сонымен қатар суық мезгілде COVID-19 инфекциясының таралуы одан сайын күшеюі мүмкін. Себебі ол уақытта адамның иммунитеті төмендейді. Бұған күн суық кезде бөлменің аз желдетілетіні, адамдардың көшеге қарағанда жабық ғимарат ішінде көп жүретіні де әсер етеді. Тұмауға қарсы вакцина коронавирустан қорғамайды. Тұмау мен ЖРВИ-дің (жіті респираторлық вирусты инвекция) алдын алудың ең тиімді жолы – уақытылы жасалған вакцинация. Екпені ауырып жүрген кезде алуға болмайды. Мәселен коронавирус жұқтырғандар індеттен айыққаннан кейін 1 ай өткеннен кейін ғана тұмауға қарсы екпені салдыра алады. Екпенің күші 8 айға дейін сақталады. – Ел арасында індет күшейген тұста ақжелкек (хрен), сарымсақ, лимон, адыраспанға сұраныс артқаны соншалық, олардың бағасы да шарықтап кеткені белгілі. Расында олардың вирустан қорғануға пайдасы тие ме? – Коронавирус індеті Қазақстанда тіркеле бастаған кезде халық инфекция жұқтырып алмас үшін жаппай сарымсақ пен пиязды тұтына бастаған еді. Олардың табиғи антисептиктің микробқа қарсы қасиеттеріне қарамастан, коронавируспен күресте оның тиімділігі дәлелденбеген. Сарымсақ тұндырмасын, тіпті сау адамның өзі күнделікті қабылдаса, гипертония немесе гипотензия (қан қысымының жоғарылауы/төмендеуі), жүрек тұсындағы ауырсыну, бас ауруын тудыруы мүмкін. Адыраспанға келетін болсақ, керісінше ащы түтін қолқаны қауып, тыныс жолдарын зақымдайды. Ол өз кезегінде аллергиялық ауруларды қоздырады. Ақжелкек тамырын қосалқы ем ретінде пайдалануға болады. Оның құрамында С, В дәруменінің кей топтары, Е және А дәрумені, амин қышқылы, жасұнық, минерал бар. – Дәрігерлік кеңесіңізге рақмет!

 

Сұхбаттасқан Қамар РАХМЕТУЛЛИНА

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар