сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 12:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда эпидемиялық ахуал тұрақтанды – А.Цой

Қазақстанда эпидемиялық ахуал тұрақтанды – А.Цой
ашық дереккөзі
Қазақстанда эпидемиялық ахуал тұрақтанды – А.Цой
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, еліміздегі емдеу мекемелерінде төсек-орындар саны 6 есе төмендеді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.
Министр баяндағандай, қазіргі кезде коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық бойынша эпидемиялық ахуалды тұрақтандыруға қол жеткізілді.  9 қыркүйекте COVID-19 нәтижесі оң болған 106 498 науқас тіркелді, соңғы тәулікте 73 адам тіркелді. 4 810 адам ем алуда, 100 042 адам ауруханадан шығарылды (94%), 1 646 адам қайтыс болды. Сонымен қатар, ҚР-да коронавирустық инфекцияның (ПТР) 28 228 ықтимал жағдайы тіркелген. Қатаң шектеу шараларының арқасында 5 шілдеден бастап төсек-орындардың қамтылуы 6 есеге, оның ішінде реанимациялық төсек-орындардың бос болмауы 6,6 есеге, сондай-ақ КВИ қатысты жедел медициналық көмекті шақыру саны 5,5 есеге азайды. Емханалар үйде қызмет көрсету форматына көшті, мобильді бригадалардың саны 7,6 есе өсіп, бүгінде 3640 мобильді бригада құрылды және бүкіл ел бойынша  жұмыс істейді. "Біздің еліміздегі, Еуропаның бірқатар еліндегі жағдайды тұрақтандыру аясында, тамыздың басынан бастап коронавирус инфекциясының Азияда таралуының күрт өсуі байқалады. Мысалы, аурудың өсуі Италияда, Австрияда, Испанияда, Германияда, Оңтүстік Кореяда, Түркияда байқалады. ТМД елдерінде аурушаңдықтың орташа өсімі 0,5% құрады, бұл Қазақстандағыдан 5 есе жоғары", деді А. Цой.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар