Экономика
8 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 5,5 трлн теңге кіріс түсті
- авторjambylinfo.kz
- 9 қыркүйек, 2020
- 200
8 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 5,5 трлн теңге кіріс түсті
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2020 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша республикалық бюджеттің орындалуы туралы баяндады.
Мемлекеттік бюджетке (трансферттерді есепке алмағанда) 5,5 трлн теңге сомасында, республикалық бюджетке 3 трлн 455 млрд теңге сомасында кірістер түсті. Кірістер бойынша жоспардың атқарылмауы 610 млрд теңгені құрады.
Негізгі атқарылмау сомалары қосылған құн салығы (596 млрд теңге) және корпоративтік табыс салығына (260 млрд теңге) тиесілі болды. Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 121%-ға атқарылды және 2 трлн теңгеден астамды құрады. Жоспар 353 млрд теңгеге асыра орындалды. Оның ішінде салықтар бойынша - 328 млрд теңгеге. Барлық өңірлерде кірістер жоспарлары асыра орындалды. Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,8%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары - 99,5%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары - 98,4%-ға атқарылды.
Республикалық бюджеттің шығыстары 9 трлн 251 млрд теңгені құрады. 45 млрд теңге атқарылмаған. Оның ішінде үнемдеу – 17 млрд теңге, игерілмегені – 28 млрд теңге.
"Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді, шарттарды жасасу рәсімдерін ұзақ және уақтылы өткізбеу, орындалған жұмыстар актілерін ұсынбау, карантиндік шектеулерге байланысты тауарларды жеткізбеу, нақты көрсетілген қызметтер көлемі, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу, сондай-ақ республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қаражаттың жеткіліксіздігі", — деді министр. Жергілікті бюджеттердің шығыстары 4,9 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны - 80 млрд теңге. Ағымдағы жылы өңірлерге 2,3 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Алдын ала мәліметтер бойынша оларға 1 қыркүйекке 1,4 трлн теңге бөлінді. Оның ішінде 97,9%-ы игерілген. Атқарылмағаны - 29 млрд теңге. Оның ішінде 7 млрд теңге үнемделді, 22 млрд теңге игерілмеді. Өткен 8 айда камералдық бақылаумен сомасы 12,3 трлн теңгеге 1 млн аса мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша сомасы 4,6 трлн теңгеге бұзушылықтар ескертілді. 1 мыңнан аса аудиторлық іс-шара өткізілді.
"Аудитпен 603 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды. Сомасы 168 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тауарлар жеткізілімін қалпына келтіру, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есеп бойынша көрсету жолымен 162 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды. Аудит объектілері қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 966 ұсыным берілді. Оның ішінде 760-ы орындалды", — деді Е. Жамаубаев.
2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары 93%-ға орындалды. 2020 жылы 74 объектіні сату жоспарланып отыр. Оның ішінде 38-і сатылымға қойылды. Есепті кезеңде сомасы 88,4 млрд теңгеге 6 объекті сатылды. Сауда-саттықта 32 объекті тұр. 5 объекті қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді. 18 объекті жыл соңына дейін сатуға қойылатын болады. 13 объект бойынша іске асыру мерзімі 2021-2024 жылдарға ауыстырылды. Есепті кезеңдегі бюджеттің атқарылу нәтижелері осындай.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қазақстанда эпидемиялық ахуал тұрақтанды – А.Цой
Ұқсас жаңалықтар
Экономика
Нарықта доллар, еуро мен рубльдің бағамы қандай болып тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024