жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 16:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда кальян шегуге рұқсат берген мейрамхана мен дәмхана иелері жазаланады

Қазақстанда кальян шегуге рұқсат берген мейрамхана мен дәмхана иелері жазаланады
Сурет ашық дереккөзден алынды
Елімізде төрт жыл бұрын қоғамдық орындарда қорқор шегуге тыйым салынған болатын, бірақ бұл норма орындалмай отыр

Қазақстанда кальян шегуге рұқсат еткен мейрамханалар мен барлардың иелеріне салынатын айыппұл мөлшері ұлғайтылады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнәр Сәрсенбаева мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 


Ол қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу туралы норма 2020 жылы қабылданғанын еске салды. Алайда елімізде шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялануына байланысты осы жылдар аралығында көңіл көтеру орындарында бұл талап сақталмаған және оларға шара қолдануға мүмкіндік болмаған. 


«Қоғамдық орындарда қорқорды пайдалануға тыйым салынған. Бірақ мейрамханалар мен барларда кальян шегетінін бәріңіз де білесіздер. Бүгінгі заңнама тұтынушының өзіне қатысты ғана шара қолдану мәселесін реттейді, бірақ рестораторлар мен кәсіпкерлерге қатысты норма жоқ. Осыған байланысты біз жауапкершілікті күшейту туралы ұсыныс енгіздік. Яғни айыппұл мөлшерін өсіру және рестораторлар мен бизнесмендерге қатысты норма қабылдау көзделіп отыр», деді Сәрсенбаева сенат кулуарында.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар