МӘМС жарналары қате немесе артық төленсе, қалай қайтаруға болады?
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 17:20
- 48
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қате немесе артық төленген жарналар мен аударымдарды қайтару үшін азаматтар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына арнайы өтініш беруі тиіс, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қордың мәліметінше, өтініш үлгісін ресми интернет-ресурстан жүктеп алып, оны толтырғаннан кейін төлем жасалғанын растайтын құжаттардың көшірмелерімен бірге пошта арқылы немесе қолма-қол түрде Астана қаласындағы Кравцов көшесі, 18-үй мекенжайына жолдау қажет.
Құжаттар заңнамаға сәйкес 15 жұмыс күні ішінде қаралады.
Мамандардың айтуынша, МӘМС жүйесіне қате немесе артық аударылған қаражат басқа кезеңдерге қайта есептелмейді. Қаражат тек азаматтың өтініші негізінде ғана қайтарылады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар өз емханасындағы Пациенттерді қолдау қызметіне немесе 1414 байланыс орталығына жүгінуіне болады.






