сенбі, 23 қараша, 2024 12:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық ғалым қатерлі ісікке қарсы қарапайым С витамині қосылған дәрі ойлап тапты

Қазақстандық ғалым қатерлі ісікке қарсы қарапайым С витамині қосылған дәрі ойлап тапты
ашық дереккөзі
Қазақстандық ғалым қатерлі ісікке қарсы қарапайым С витамині қосылған дәрі ойлап тапты
Назарбаев Университетінің бір топ ғалымдары қатерлі ісікке қарсы алғашқы отандық дәрі ойлап тапты. Ең маңыздысы, бұл препарат өте қарапайым дәрі-дәрмек пен дәруменді қоса отырып қатерлі ісіктің ең соңғы сатысын емдеуге арналған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Журналистерге баспасөз мәслихатын өткізген профессор Дос Сарбасов өзінің командасы, препараттың ерекшелігі мен одан күтілетін нәтижелер туралы баяндады. 27 жыл бойы АҚШ-тың Андерсон онкологиялық орталығында жұмыс істеген Дос Сарбасов қазір Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің оқытушысы, биохимия және молекулалық биология ғылымдарының кандидаты. Соңғы 3 жыл бойы дәрігер Назарбаев Университетіндегі National Laboratory Astana зертханасын басқарады, онда ұжым қатерлі ісіктің КRАS-мутантты түрлерін емдеуді аяқтауды көздеп отыр.
"Ол қарапайым С дәруменінің жоғары дозадағы D-формасының (D-VC) шағын концентациядағы мышьякпен (arsenic trioxide, ATO) қосындысына негізделген. «Біз зерттеу кезінде егер глюкоза жетіспеген кезде қатерлі ісік жасушалары оксидант бөлетінін байқадық. Яғни, қарапайым тілмен айтсақ, қатерлі ісіктің клеткалары өзін өзі жеп тауысады. Осылайша, біз антиоксиданттың көмегімен қатерлі ісік клеткаларын осылай тоқтата аламыз, өлтіре аламыз деген ойға келдік», - дейді Сарбасов.
Профессордың айтуынша, бұл дәріні қатерлі ісіктің барлық түріне емес, Қазақстанда ең көп кездесетін және өлім-жітім көрсеткіші көп түрлеріне қолдану жоспарланып отыр.
«Өйткені, қазір Қазақстанда қатерлі ісіктің бірінші, екінші сатылары онсыз да жақсы емделеді. Біз ісіктің асқынған түрлерін емдеуді мақсат етеміз. Қазір зерттеу аясында Алматыдағы онкология және радиология ұлттық орталығының көмегімен он бес адамға сынақ жүргіздік. Олар тоқішектің қатерлі ісігіне шалдыққан адамдар. Әзірге, сынақ жақсы нәтиже беріп жатыр. Бір науқастан байқанағымыз, оның ісі 30 пайызға азайған», - дейді ғалым.
Қазір Сарбасовтың командасы дәріні бірінші және екінші сатыда сынаған. Бірақ, профессор атап өткендей, он бес адам деген көрсеткіш – өте аз.
«Дәріні қолданысқа енгізу үшін сынаққа қатысатын адамдардың статистикасы көп болу керек. Оны көбейту үшін жобаға қаржы керек. Қазір қаржыландыру мәселесін қарастырып жатырмыз. Жалпы, осы жаңалық шыққан соң, маған хабарласып, туыстарымызға осы дәріні егіп көрейікші дейтіндер көп болды. Бірақ, оның бәрінің өз кезегі, өз жолы бар. Жобаға қаржы тартқан соң, біз дәріні қайтадан бірінші, екінші, үшінші және төртінші кезеңді сынақтан өткіземіз. Сәтті өтсе, айналымға енгіземіз. Және дәрі өте қарапайым құрамдас бөліктерден жасалған соң, оның бағасы өте қолжетімді болады», - дейді Сарбасов.
Бұл тақырыпты ғылыми түрде баяндасақ, профессордың зерттеуіндегі KRAS гені прото-онкоген, оның мутациялары қалыпты жасушаларды қатерлі жасушаларға айналдыру мүмкіндігіне ие. Мутация жағдайында белсендіру процесі және жасушаның бөлінуі артады, бұл ісіктің өсуіне әкеледі. KRAS мутациялары көбінесе ұйқы безінің қатерлі ісігінде байқалады, олар сонымен қатар тоқ ішек қатерлі ісігінде, өкпе ісігінде кездеседі.
«Көп жылдық зерттеулердің нәтижесінде біз KRAS-мутантты ісік жасушаларын басу үшін тотығу стрессін қолдануды шештік. DV-C ii ATO комбинациясы тотығу стрессін тудырады, ол рак клеткаларының митохондриялары арқылы радикалдардың суицидтік өндірісіне айналады. Яғни, тотығу стрессі туындаған кезде рак клеткалары өз жасушаларын өлтіретін көптеген радикалдар шығарады», - деп түсіндірді доктор Сарбасов.
Айта кетейік, Назарбаев Университетінің National Laboratory Astana мекемесі 2015 жылы құрылған. Мекеме «Өмір туралы ғылымдар орталығы» мен «Энергетика және жаңа материалдар ғылымы орталығын» қамтиды. Зерхананың негізгі мақсаттары - өмір туралы ғылымдар, энергетика және басқа да пәнаралық ғылымдар саласында көпсалалы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу, сондай-ақ ғылыми зертханаларды, эксперименттік базаларды, орталықтарды, институттарды дамыту және ғылыми, ғылыми-техникалық, білім беру бағдарламалары мен мамандарды кәсіби даярлау бағдарламаларын іске асыру. Қазіргі уақытта NLA-да 167 ғылыми қызметкер жұмыс істейді. NLA әлемнің 30-дан астам жетекші ғылыми орталықтары мен институттарымен серіктестік орнатты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар