дүйсенбі, 4 мамыр, 2026 17:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Кардиохирургтар күрделі жағдайдағы науқастың өмірін сақтап қалды

Кардиохирургтар күрделі жағдайдағы науқастың өмірін сақтап қалды
Фото - ашық дереккөз
Айта кетейік, пациенттің отасы МӘМС жүйесі аясында ақысыз жасалған.

Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында 1962 жылы туған пациентке аса ауыр диагноз — қолқаның ажырап жарылған аневризмасы (DeBakey IIIb), интрамуральды гематомамен асқынған жағдай бойынша шұғыл медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Дәрігерлердің айтуынша, бұл патология адам өміріне қауіп төндіретіндіктен шұғыл хирургиялық ота жасауға тура келген. Күрделі ота орталықтың кардиохирургтары мен рентгенхирургтарының және Алматы қаласынан шақырылған маман —Бауыржан Ормановтың (проктор ретінде) қатысуымен жүргізілген.

«Пациенттің анамнезі күрделі болды. Атап айтқанда, ол ұзақ жылдар бойы артериялық гипертензиямен есепте тұрады. Оның үстіне бұған дейін жүрекке күрделі кардиохирургиялық операция (Bentall–De Bono), коронарлық шунттау және перифериялық тамырларға стенттеу жасалған. Сондай-ақ, науқаста жедел ми қан айналымының бұзылысы (инсульт) тіркелген. Жоғары хирургиялық қауіп факторларын ескере отырып, медициналық консилиум шешімімен эндоваскулярлық емдеу тактикасы таңдалды. Нәтижесінде қан тамырының зақымданған бөлігіне арнайы стент-графт орнатылды», дейді кардиохирург Есімхан Төлендіұлы.

Ота да, отадан кейінгі кезең де асқынусыз өткен. Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы тұрақты, оң динамика байқалады, шағымдары жоқ. Науқас қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.

                                   

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар