Ұзақ мерзімді еңбек демалысы кезеңінде МӘМС жарналарын төлеу тәртібі қандай?
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 16:52
- 38
Ұзақ мерзімді ақылы еңбек демалысына шыққан кезде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарналарын уақтылы әрі дұрыс төлеу маңызды.Бұл сақтандырылған мәртебені сақтау үшін қажет, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Егер еңбек демалысы бір айдан ұзақ болса, жарнаны бір рет төлейді, алайда оның сомасы демалыс кезеңіне кіретін айлар бойынша бөлінеді.
Мысалы, егер демалыс маусым айының соңынан тамыз айының ортасына дейін созылса, маусым айында төленген жарна келесідей бөлінеді:
• маусым айына;
• шілде айына;
• тамыз айына.
Жарна мөлшері әр айдағы демалыс күндерінің санына сәйкес есептеледі.
Дұрыс төлеудің маңызы неде?
Жарналар дұрыс бөлінбеген жағдайда, жүйе төлемдерді есепке алмауы мүмкін. Бұл сақтандырылған мәртебенің уақытша тоқтауына және медициналық қызметтерге қолжетімділіктің шектелуіне әкелуі мүмкін.
Мәселе туындаған жағдайда жүгіну қажет?
Егер мәртебе дұрыс көрсетілмесе немесе медициналық қызмет көрсетуден бас тартылса, келесі әрекеттер ұсынылады:
• тіркелген емханадағы Пациенттерді қолдау қызметіне жүгіну;
• қажет болған жағдайда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы өтініш жолдау:
o ресми сайт: msqory.kz
o Telegram-бот: SaqtandyrýBot




