жұма, 22 қараша, 2024 23:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Кофе қандағы қантты көбейтіп жіберуі мүмкін

Кофе қандағы қантты көбейтіп жіберуі мүмкін
ашық дереккөзі
Кофе қандағы қантты көбейтіп жіберуі мүмкін
Аш қарынға кофе ішуге болмайды. Таңертең кофе ішетіндер қант диабетіне шалдығуы мүмкін. Зерттеу жасаған ағылшын дәрігерлері осындай тұжырымға келді. Зерттеу нәтижесін жариялаған – British Journal of Nutrition журналы. Британ медиктері тәжірибеге қатысушыларды екі топқа бөліп, біріне кофеин қосылған тәтті сусын берсе, екіншісіне қара кофе мен жарты сағаттан кейін қант қосылған сусын берген. Пациенттердің қанын алып тексерген кезде, аш қарынға ішкен кофенің адам денсаулығына зиян екені анықталды. Зерттеушілердің айтуынша, мұның арты қатерлі ауруларға әкелуі мүмкін. Өйткені таңертең ішкен қофе қандағы қантты 50 пайызға дейін көтеріп жібереді. Қанда қант көбейіп кетсе, глюкозаның тепе-теңдігі бұзылып, диабеттің екінші типі пайда болуы мүмкін. Ал кофенің ұйқыға әсері байқала қоймаған. Бұған дейін аустралия ғалымдары кофе жиі ішуге болмайтынын, бірақ аз мөлшермен ішкен пайдалы екенін айтқан еді. Ғалымдардың есептеуінше, кофенің күндік нормасы 6 шыныдан аспағаны жөн. massaget
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар