жұма, 22 қараша, 2024 23:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Карантин кезінде кәсіподақ қолұшын берді

Карантин кезінде кәсіподақ қолұшын берді
ашық дереккөзі
Карантин кезінде кәсіподақ қолұшын берді

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Төлепбергеннің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Басқосуда спикер кәсіподақтардың 9 айда атқарған жұмыстың қорытындысымен таныстырып, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Мейрамбек Мылтықбайұлының айтуынша, қашанда еңбек адамдарының құқығын қорғап, қамқорлық көрсетіп келген облыстағы кәсіподақ ұйымдары өз тарапынан пандемия кезден алдыңғы шепте жүрген медицина ұйымдарының қызметкерлері мен еңбек ұжымдарындағы аз қамтылған отбасыларына материалдық көмек қарастырған.

– «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалы 6 медициналық мекеме қызметкерлеріне жалпы соммасы 1,8 млн. теңге қаражат материалдық көмек ретінде азық-түлік, медициналық жеке қорғану құралдарын сатып алу үшін және басқа қажеттіліктер үшін берілді. Сондай-ақ осы қыркүйек айында пандемиямен күресте алғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне Қазақстан аумағындағы 8 шипажайда тегін емделу үшін жалпы құны 2,88 млн.теңге болатын 24 жолдама берілді, – деді баяндамашы.

Бұдан бөлек, «Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің кәсіподақ мүшелік ұйымдары медициналық маска тіктіру, азық-түлік және тұрмыстық-гигиеналық заттармен қамтамасыз ету, жұмыс орындарын антисептикпен қамтамасыз ету, бір реттік материалдық көмек беру сынды барлығы 14,1 млн.теңге құрайтын қаражатқа көмек жасапты.

– Бүгінгі күнге осы кәсіподақ ұйымы үнемделуі мүмкін қаржы есебінен мектеп педагогтарын қашықтықтан оқыту қызметін жүзеге асыруға қажетті арнайы құрылғылармен қамтамасыз ету бағытында барлығы 66,1 млн.теңге қаржылай қолдау білдірді. Сол сияқты, «Казфосфат» ЖШС басшылығы мен кәсіподақ ұйымдары өз қаражаттары есебінен бірлесе отырып кәсіпорын қызметкерлерінің ішіндегі аз қамтылған отбасылар мен көп балалы жанұяларға азық-түлік, яғни 610 отбасына 60 тонна ұн, 68 тонна күріш және 17,5 тонна қант берілді. Материалдық көмектің жалпы соммасы 30 млн теңгені құрады. «Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіпкодағы» ҚБ Жамбыл облыстық филиалының кәсіподақ мүшелері маска тапшылығына байланысты әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға 5800 аса бетперде тігіп таратты және аз қамтылған 17 отбасына 330 мың теңге көлемінде азық-түлік үлестірілді, – деді Мейрамбек Төлепберген.

Спикер пандемия кезінде өз жұмыскерлерін жағдайына бей-жай қарамай, әлеуметтік аз қамтылған қызметкерлердің жанұясына көмек қолын созған тағы бір ірі өндірістік кәсіпорын - «Алтыналмас АК» АҚ компаниясын атап өтті. Айтуынша, компания басшылығы осы ұжымның «Бәйтерек» кәсіподақ ұйымымен бірлесе анықтаған тізімге сәйкес Жамбыл облысы аумағында орналасқан Ақбақай кен орнындағы қызметкерлердің ішіндегі әлеуметтік әлсіз топтарына, атап айтқанда көп балалы жанұяларға, толық емес жанұяларға, құрамында мүгедек және ауру жандар бар отбасыларға ауқымды бір реттік материалдық көмек көрсеткен. Осы аталған санаттағы қызметкерлердің әрқайсысына, барлығы 109 қызметкерге 50 мың теңге көлемінде, жалпы сомасы 5,450 млн. теңге материалдық көмек көрсетілген.

Айжан Өзбекова

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар