Денсаулық
Меркі ауданында құны 1,5 млрд теңге болатын диагностикалық орталық ашылды
- авторjambylinfo.kz
- 29 қараша, 2020
- 358
Меркі ауданында құны 1,5 млрд теңге болатын диагностикалық орталық ашылды
Жаңа диагностикалық орталық Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылында орналасқан. Мамандар бұл ауылдық жерде ашылған осы секілді алғашқы диагностикалық орталық екенін айтады.
- Бізде ең заманауи қондырғылар, оның ішінде магнитті-резонанстық томограф, 80 тілімді компьютерлік томограф, цифрлық рентген және флюорографиялық, жаңа үлгідегі УДЗ аппараттары орнатылған. Магнитті-резонансты және компьютерлік томографияға арналған заманауи аппараттар барлық мүшелерді тексеруге мүмкіндік береді, сондай-ақ нәтижелердің ең жоғары дәлдігін қамтамасыз етеді. Коронавирустық пандемия кезінде бәріміз компьютерлік томография диагноз қоюдағы ең сенімді және негізгі әдіс екеніне көз жеткіздік, - деді "Мейірім" Тараз медициналық орталығының бас дәрігері, желінің басқарушы директоры Гүлчахра Маметова.
Сондай-ақ, диагностикалық орталықта терапевт, кардиолог, невропатолог, педиатр, окулист, отоларинголог, гинеколог, жалпы тәжірибелік дәрігерлерінің қабылдау кабинеттері ашылмақ. Тәулігіне 50-ден астам адам мамандардың қабылдауында болып, 120 адам МРТ және КТ, сондай-ақ 250 адам флюорографиядан өте аладын.
Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев адамның ең үлкен байлығы – оның денсаулығы екенін атап өтті.
- Ең бастысы, біздің тұрғындар өздерін жақсы сезінуі тиіс. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев медицина мен денсаулық сақтауға салаларына айрықша көңіл бөлу үшін басымдықтарды белгіледі. Тек дені сау ұлт қана табысқа жете алады. Меркі ауданында үлкен жұмыстар атқарылғанын көріп отырмыз, қымбат жабдықтар сатып алынып, білікті мамандар даярланған. Жамбыл облысында төрт МРТ және 11 КТ аппараты бар. Жамбылдықтардың денсаулығы үшін біз облыстың әрбір аудан орталығын заманауи томографтармен қамтамасыз етуіміз керек, - деді ол.
Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев Меркі ауданының сондай-ақ жақын көршілес Шу, Қордай және Т.Рысқұлов аудандары тұрғындарын сапалы, ең бастысы – уақтылы диагностикамен қамту мүмкіндігіне қол жеткізіліп отырғанын баса айтты.
- Денсаулық жағдайын білуі үшін енді мұндағы тұрғындар сонау Тараз бен Алматыға сабылмайтын болады, - деді облыс әкімі.
Орталық директоры толық қуаттылықта жұмыс істеу үшін 110 медицина қызметкері жұмылдырылатынына сендірді, олардың көпшілігі меркіліктер. Ал 24 дәрігердің 20-сы жергілікті тұрғындар.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Өткен тәулікте 274 адам коронавирустан айықты
Ұқсас жаңалықтар
Денсаулық
Енді еңбекке жарамсыз анықтаманы дәрігер жұмыс орнына тікелей жібереді
- авторjambylinfo.kz
- 13 желтоқсан, 2024
Денсаулық
Жамбылда ЖРВИ-мен ауырған балалар саны 62,5%-дан пайыздан асты
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 желтоқсан, 2024