сенбі, 26 шілде, 2025 2:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Министрлік: елімізде ұрықтағы жүрек ақауларының 74 пайызы туылмай тұрып анықталады.

Министрлік: елімізде ұрықтағы жүрек ақауларының 74 пайызы туылмай тұрып анықталады.
Денсаулық сақтау министрлігі
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстанда ұрықтағы туа біткен жүрек кемістіктерінің 74%-ы бала дүниеге келмей тұрып анықталады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл – пренаталдық диагностиканы ұлттық деңгейде енгізудің нақты нәтижесі. Ерте анықтау – жаңа туған сәбиге дер кезінде операция жасауға, әрі қарай дені сау, толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік береді.

Бұл жетістікке қалай қол жеткіздік?

UMC корпоративтік қорының республикалық ұрықты сақтау орталығы мен жүрек орталығының үйлесімді жұмысы,

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауы,

Жаңартылған ұлттық стандарттар,

Дәрігерлерді жан-жақты даярлау,

Ресей мен Еуропадан жетекші сарапшылардың қатысуы,

Ұрықтың жүрек жұмысын егжей-тегжейлі зерттейтін УДЗ хаттамаларының енгізілуі – бәрі бір арнаға тоғысып, жаңа деңгейге жол ашты.

2024 жылдан бастап еліміздің 20 өңірінен келген дәрігерлер арнайы эхокардиография бойынша оқытудан өтіп жатыр.

"Ұрық эхокардиографиясы мектебі" аясында бес бірдей мастер-класс өткізілді. Оларға қазақстандық және ресейлік білікті мамандар жетекшілік етті.

Ал 2025 жылдың маусымында Астанада өткен II Халықаралық конгресс пренаталдық диагностика саласының үздік мамандарын біріктіріп, осы бағыттағы жаңа қадамдарға жол ашты.

Бірлесе атқарылған бұл жұмыс – еліміздегі әрбір баланың жүрегін оның алғашқы соғуына дейін қорғауға жасалған маңызды қадам.

 

 

Бөлісу:
Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар