жексенбі, 13 сәуір, 2025 11:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Мозаикалық хондропластика»:  Атыраулық дәрігерлер бірінші рет күрделі ота жасады

«Мозаикалық хондропластика»:  Атыраулық дәрігерлер бірінші рет күрделі ота жасады
ДСМ
Мұндай процесс облыста бұрын-соңды болмаған

Облыста алғаш рет мозаикалық хондропластика — яғни науқастың өз шеміршек және сүйек тіндерін пайдалана отырып тізе буынын қалпына келтіру отасы сәтті өтті,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл бұрын-соңды Атырауда жасалмаған күрделі әрі жоғары технологиялы ота.
Бұл әдіс тізе буынындағы ауыр жарақаттар мен шеміршек зақымдарын емдеудің тиімді жолы саналады. Ота кезінде дәрігерлер науқастың денесінен арнайы цилиндр пішініндегі шеміршек пен сүйек бөліктерін алып, зақымданған жерге дәл орналастырады. Нәтижесінде буын бетін қалпына келтіріп, оның табиғи қимылын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Осылайша, шеміршек беті “мозаика” секілді жиналады.
- Бұл — өте нәзік, дәлдікті талап ететін жоғары кәсіби шеберліктің көрінісі. Атыраулық дәрігерлер бұл отаны сәтті орындап, медицинадағы тағы бір жаңа белесті бағындырды. Мұндай жаңалық — тек науқастар үшін емес, бүкіл өңір үшін үлкен жетістік. Бұл — біздің медицина саласының қарқынды дамып келе жатқанының дәлелі,- делінген хабарламада. 
Атырауда енді осындай күрделі оталар жасалатыны – өңір тұрғындары үшін зор мүмкіндік. Ем іздеп алысқа сабылмай-ақ, жоғары технологияны өз қаламызда алу — үлкен жетістік.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар