Денсаулық
Тараздық дәрігерлер эндопротез қоюдың жаңаша түрін ойлап тапты
- авторjambylinfo.kz
- 22 қазан, 2020
- 287
Тараздық дәрігерлер эндопротез қоюдың жаңаша түрін ойлап тапты
Бірнеше жыл бұрын тепсе темір үзетін Тараз қаласының 35 жастағы тұрғыны автокөлік апатына түсіп, аяқ астынан мүгедектер арбасына таңыламын деп ойлаған да емес. Бастапқыда ешқандай ауруды сезбей, одан болатын қауіп-қатерді де ойламай, уақыт создырып алған Н. есімді азамат кейіннен аяғының ауырсынуы күшейіп, бір жылдан кейін мүлдем жүре алмай, бір жарым жылдай үйінде қозғалыссыз жатып қалады. Тек осыдан кейін ғана ауруханаға келген оған қатарынан 3 рет ота жасалып, бір аяғына эндопротез қойылады. Қозғалыссыз жата бергендіктен, салмағы да артып, қимылдауы қиынға соққан оның ағзасына да инфекция түскен.
Тараз қалалық көп бейінді ауруханасының жарақат бөлімшесінің дәрігер травматологы Даурен Идеевтің ұзақ жылдық тәжірибеден кейін қолданып келе жатқан жаңа әдісінің арқасында эндопротезге инфекция түспес үшін цемент пен антибиотикті қосып араластырып салу туралы шешім қабылданады. Аталмыш тәсілмен тек жасанды буынды алмастырып қана қоймай, онда жинақталған микробтарды да жоюға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, жасанды буынды қойғаннан кейін құлау, тоңазу және ортопедиялық режимді бұзу салдарынан науқастарға қайта ота жасаған жағдайлары көп кездесетіндіктен, бұл әдіс – тиімді болып саналады екен.
Бүгінде Н.-ның қиналған ауыр да азапты күндері артта қалып, өзін өмірге жаңа келгендей сезінуде. Жақында оның екінші аяғына да эндопротез қойылмақшы. Бүгінде мүгедектік арбасынан түсіп, өз аяғымен ауруханаға келіп, көрініп жүр.
Эндопротездеу дегеніміз – адамның тозған шеміршегіне болмаса зақымданған буындары мен сынған сүйектерге жасалатын ота. Ол полиэтиленді жапсырмамен не темірмен алмастырылады. Компьютерлік томография және МРТ негізінде науқастың анатомиялық ерекшеліктері талданып, ондаған жылдарға жарайтын жарамды протез қойылады.
Жасанды буын жоғары сапалы медициналық қорытпадан тұрады. Эндопротездеу – зақымданған буынды алмастыру процесінің бір бөлігі ғана.
«Эндопротезді Алматы қаласынан аранйы тапсырыспен алғызамыз. Адам тәніне мейлінше ұқсайтын материалдардан дайындалған жасанды буын сүйек цементімен бекітіледі. Сондай-ақ, жасанды буын адамның сүйек тініне, тізенің анатомиялық ерекшеліктеріне қарай дайындалады. Біз осы протезді науқасқа тек салып қана қоймай, оған антиботик қосу арқылы – бірден екі түрлі нәтижегеге қол жеткізіп отырмыз»,- дейді Дәурен Идеев.
Жүруден күдер үзген науқастарға үміт сыйлап ғана қоймай, олардың өздігінен жүріп-тұруына ықпал ететін мұндай жаңаша технологиялардың тиімділігі - көп. Бұрындары күрделі отадан кейін пациенттер бір жарым айдай төсек тартып жатса, енді бір аптада сауығып шығады. Демек, емделу мерзімі әлдеқайда қысқарып отыр. Сондай-ақ, ота жасалғаннан кейін пациент физиотерапиялық емдеу мен дене шынықтыру курсынан өтуі тиіс. Қозғалыс функциясын жылдам қалпына келтіру үшін бұл шаралардың маңызы зор.
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Таразда «Ой мен ойын» интеллектуалды ойыны өтті
Ұқсас жаңалықтар
Денсаулық
Енді еңбекке жарамсыз анықтаманы дәрігер жұмыс орнына тікелей жібереді
- авторjambylinfo.kz
- 13 желтоқсан, 2024
Денсаулық
Жамбылда ЖРВИ-мен ауырған балалар саны 62,5%-дан пайыздан асты
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 желтоқсан, 2024