жұма, 22 қараша, 2024 19:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында жедел жәрдем шақырту азайған

Жамбыл облысында жедел жәрдем шақырту азайған
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында жедел жәрдем шақырту азайған
Бүгінде Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем стансасында тәулігіне облыс бойынша 93 жедел жәрдем бригадасы қызмет көрсетуде.
Оның ішінде Тараз қаласы бойынша 43 бригада шақыртуларға шығады. Жедел жәрдем бригадалары медициналық қызметкерлермен толық қамтамасыз етілген. Коронавирустың бірінші толқыны кезінде тәулігіне 2000-нан аса шақыртулар болған. Бірақ, шақыртуларға кешігулерді азайту мақсатында қосымша арнайы 5 мобильді бригада медициналық қызмет көрсеткен. Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір аймақта жедел жәрдем шақыртуларының тәуліктік саны 1200-1300-ге дейін азайған. Екінші толқынға дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында бүгінде барлық жедел жәрдем бригадалары дәрі-дәрмектермен, қажетті құрал-жабдықтармен және жеке қорғаныш құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, аталған басқармадан қосымша тағы екі айлық қорға бір реттік қолдануға арналған 60 мың дана обаға қарсы костюмдер, 1000 дана  қорғаныш көзілдіріктер, 100 мың дана медициналық қолғаптар және 100 мың дана бетперделерге тапсырыстар берілген. Облыстық жедел жәрдем стансасында бүгінде 135 санитарлық автокөлік тіркелген болса, оның ішінде есептен шығаруға 65 көліктің құжаттары берілген. Енді қосымша лизинг бойынша жыл соңына дейін тағы 52 санитарлық автокөліктер берілетін болады.   Жамбыл облысы
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар