сенбі, 23 қараша, 2024 1:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жобалық офистің жұмысы жүйелі

Жобалық офистің жұмысы жүйелі
ашық дереккөзі
Жобалық офистің жұмысы жүйелі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев баспасөз мәслихатын өткізіп, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық офисінің 8 айда атқарған жұмысын баяндады.

Равиль Қуанышбайұлының айтуынша, ағымдағы жылы облысымыздың барлық ауданында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылған.

–Тұрғындарға сапалы және «Бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету мақсатында Тараз қаласында жер және сәулет саласындағы, тұрғын үй және кәсіпкерлік бөлімдерін біріктіріп, 2 сервистік әкімдік ашылды. Меркі, Талас, Шу, Сарысу, Мойынқұм, Байзақ және Қордай ауданы «Сервистік әкімдік» форматына көшті. «Жамбыл-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде 16 қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып, мемлекеттік органның бірінші басшылары, қала және аудан әкімдері қатысты. Қоғамдық қабылдауда көтерілген мәселелердің бірқатары шешімін тапты.

Сонымен қатар адалдық алаңы жол саласына жіті бақылау жүргізіп келеді. Жыл басынан бері 50-ден аса қоғамдық мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде жол сапасының бұзылуына байланысты 61 кемшілік анықталды. Қазіргі таңда кемшіліктер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, жол жабындылары қалпына келтірілді. Ал қала тұрғындарының жол жабындыларын бұзуына жол бермеу мақсатында рейдтік іс-шара өткізіліп, 19 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, 300 мың теңгеден аса айыппұл төленді.

Одан бөлек жол саласындағы уәкілетті органдармен жоба қызметкерлері бірігіп ауыр жүк тасымалдаушы көліктерге күнделікті рейдтік-профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша 56 хаттама толтырылып, 10,5 миллион теңге айыппұл салынды,–деген Равиль Қуанышбайұлы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы мен «Адал фарм» жобасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарға жасалған мониторинг қорытындысын баяндады.

Талғат Нұрханов
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар