бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 22:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық кардиохирургтар шеберлік сыныбын өткізді

Жамбылдық кардиохирургтар шеберлік сыныбын өткізді
ашық дереккөзі
Жамбылдық кардиохирургтар шеберлік сыныбын өткізді

Бүгінде жүрекке жасалатын 3 мыңнан астам ота түрлерін жасап, оның бәрі сәтті шыққан Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығы киелі Түркістан қаласында Сardio-Turkestan филиалын  ашты. Орталық мамандары алғашқы шеберлік сыныптарын да өткізді. Тегін кепілдендірілген медициналық көмек аясында мұнда екі ота жасалды.

Кентау қаласынан келген 13 жастағы бала туа біткен жүрек және қарыншалық перде ақауынан зардап шеккен. Оған жасанды қан айналымы жағдайында қарынша аралық перде ақауына пластикалық хирургия жасалды. Сәтті шыққан отадан екі сағаттан соң, науқас есін жиып, өздігінен тыныс алуға көшкен.

Екінші пациент – 22 жастағы Кентау қаласының тұрғыны. Жүрекше аралық перденің ақауы, туа біткен жүрек ауруына жастайынан ұшыраған. Торакоскопиялық пластиканы, яғни жаңа технологияны қолдана отырып, жасанды айналым жағдайында интератриальды перде ақауына жасалған ота да сәтті өтті. Сол күні науқас есін жиып, жалпы бөлімге ауыстырылған. Бүгінде екі науқастың да жағдайы жақсы.

Алдағы уақытта Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен жасалған келісімшарт негізінде аталмыш оқу орнының  клиника-диагностикалық орталығында осындай кардиохирургиялық шеберлік сыныптары тұрақты өткізіліп тұратын болады. Сондай-ақ, Жамбыл және Түркістан облыстарының тұрғындары мұндай ота түрлерін жергілікті емханасынан берілетін жолдама арқылы тегін кепілдендірілген медициналық қызмет және әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры аясында ала алады.

Айта кетейік, әйгілі кардиохирург, профессор Сейітхан Жошыбаев  басқарып отырған орталық 2010 жылы медициналық көмек көрсетудегі жоғары жетістіктері мен жақсы нәтижелері үшін Президенттің «Ал­тын сапа» сыйлығын алған. Ал 2011 жылы «ХХІ ғасыр көш­бас­шысы» халықаралық имидж­дік бағдарламасы бойынша, «Еуропалық сапа» алтын бел­гісіне ие болды. Ал 2009 жылдың қорытындысы бойынша, Елбасымыздың өзі еліміздің жоғары марапаты «Парасат» орденін С.Жошыбаевтың омырауына тақты. 2011 жылы Дү­ние­жүзі кардиологтар қоға­мы­ның «Алтын жүрек», 2013 жылы Францияның меди­циналық «Sein» атты алтын медальдарымен, «Алтын скаль­пель» сыйлығымен марапат­талды. Бұған қоса өткен жылы Ресей, Қазақстан, Украина, Беларусь мемлекеттері Ұлттық бизнес-рейтинг одағы тарапынан Қазақстан аумағындағы ша­ғын кәсіпорындар арасында «Мін­деттер мен талаптардың көрсет­кіштері» номинациясы бойынша «Сала көшбасшысы-2013» құрметті атағына ие болып, мекеме жетекшісі ретінде  медицина саласына инновациялар енгізуге қосқан мол үлесі мен осы саладағы көп жылдық жоғары сапалы еңбегі үшін аталған елдердің арнайы шығарылған «Еңбек жолындағы тиімділігі үшін» төсбелгісіне ие болды. 2016 жылы Европа бизнес Ассамблеясының «Үздік медицина қызметі» сертификатына ие болды. Клиника басшысы «Барыс» орденімен де марапатталған.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар