Денсаулық
«Жарамдылығы өткен наркоз салған». Абай облысының ауруханасынан заң бұзушылықтар анықталды
- авторМағжан Орынбасар
- 30 шілде, 2024
- 351
Медициналық мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Абай облысындағы Мақаншы ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау мекемесін тексеру барысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша көптеген заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тексеру барысында дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы, есірткі заттары бар ампулалардың уақтылы жойылмауы және дәрі-дәрмектердің дұрыс тағайындалмауы анықталған.
Сонымен қатар, ота жасау кезінде науқастарға мерзімі өтіп кеткен «Кетам» анестезия (наркоз) препараттарын қолдану фактілері орын алған.
- Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, 12 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша 1,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды,- делінген ресми хабарламада.