Үкімет отырысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев алдағы 2 жылдың ішінде Жамбыл облысы тұрғындарының 95 пайызы газбен қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.
Сонымен қатар ол еліміздің Энергетика министрлігіне өңір тұрғындарын көгілдір отынмен қамтуға бағытталған жобалар пысықтауға берілгендігін айтты.– Қазіргі таңда өңір халқын газбен қамтамасыз ету жаман емес. Бүгінгі есеп бойынша облыс тұрғындарын газбен қамтамасыз ету 88,6 пайызды құрайды. Тек осы жылдың өзінде 14 млн теңге бөлініп, соның арқасында 45 елді мекен газбен қамтамасыз етілді. Қордай ауданында 2 жоба іске асырылып жатыр. Оның бірі Масанчи, Қаракемер, Ауқат сынды 10 елді мекенді, екіншісі Отар, Кенен сынды 12 ауылды қамтиды. Осы жобаның арқасында Қордай ауданында халықты газбен қамту 95 пайыз болады, – деді облыс басшысы.
– Жалпы тұрғындарды газбен қамтамасыз ету бақылауымызда тұр. Үкімет қолдауымен алдағы 2 жылдың ішінде өңірдегі тұрғындардың 95 пайызын көгілдір отымен қамтамасыз етуді мақсат етіп отырмыз, – деді Бердібек Сапарбаев.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Жарық пен түстің құшағындағы азап
Ұқсас жаңалықтар
Нарықта доллар, еуро мен рубльдің бағамы қандай болып тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024