Экономика
Қазақстан Еуразияның негізгі логистикалық хабының рөлін нығайтуда
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 08:55
- 61
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді
Былтыр Қазақстанның көлік саласы еліміздің транзиттік-логистикалық әлеуетін нығайтуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және тасымалдау тиімділігін арттыруға бағытталған жүйелі дамуды жалғастырды. Аталған бағыттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
- 2025 жылдың қорытындысы бойынша транзиттік тасымалдар көлемі 36,9 млн тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 6,6%-ға артық. Транзит көлемінің артуы – көліктің барлық түрін кешенді дамытудың, сондай-ақ логистика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған дәйекті жұмыстың нәтижесі, - делінген хабарламада.






