дүйсенбі, 9 ақпан, 2026 12:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

АҚШ-тың атақты тау шаңғышысы Италиядағы Олимпиадада ауыр жарақат алды

АҚШ-тың атақты тау шаңғышысы Италиядағы Олимпиадада ауыр жарақат алды
DW.com
Оқиғадан соң жарыс уақытша тоқтатылып, Линдси Вонн тікұшақпен трассадан эвакуацияланды.

АҚШ-тың олимпиада чемпионы, тау шаңғы спортының супер жұлдызы атанған 41 жастағы Линдси Вонн Кортина-д’Ампеццода өткен жылдамдықпен түсу жарысы кезінде құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz DW.com-ға сілтеме жасап.

Жарыстың басында ол қолымен жалаушаға ілініп қалып, тепе-теңдік сақтай алмай құлаған. Спортшы ауырсынғаннан кейін еңіске жата кетіп, қатты айқайлаған.

Оқиғадан соң жарыс уақытша тоқтатылып, Линдси Вонн тікұшақпен трассадан эвакуацияланды. Кортина-д’Ампеццодағы жарысты оның әпкесі мен әкесі де тамашалап отырған.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар