Қазақстан шетелдік туристер үшін көшпенділер визасын енгізбек
- авторjambylinfo.kz
- 14 мамыр, 2024
- 615
Қазақстан жыл соңына дейін шетелдік туристерге арналған визаның жаңа түрі – көшпенділер визасын енгізуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Оның айтуынша, визалық-көші-қон режимінің мәселелері туристер тарапынан көптеген шағым тудырған. Яғни, министр атап өткендей, туроператорлардың хабарлауынша, шетелдік келушілер визалық-көші-қон порталының техникалық ақауларына байланысты виза алу кезінде қиындықтарға тап болады.
«Соның салдарынан туроператорлар шетелдік туристер үшін брондалған билеттерді алып тастауға мәжбүр болды. Осыған байланысты елге келгеннен кейін виза алу бойынша әуежайлардағы көші-қон қызметтерінде персонал санын көбейту және оның порталының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету ұсынылады. Бұдан басқа, виза алу рәсімдерін цифрландыру және оңайлату арқылы бұл режимді жетілдіру қажет. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп шетелдік азаматтарға елде ұзақ мерзімді болу құқығын бере отырып, қазіргі заманғы көшпенділердің визасын енгізу мәселесі қаралуда. Оның жұмыс атауы – NEO Nomad Visа», - деді министр.
Оның айтуынша, бұл виза экономикаға жыл сайын 3 млрд теңге табыс түсіреді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Нарықта доллар, еуро мен рубльдің бағамы қандай болып тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024