Қазақстандықтардың 20 млрд теңге несиелері кешіріледі
- авторНұргүл Әубәкірова
- 29 ақпан, 2024
- 2.0k
Қазақстанда жалпы берешегі 20 миллиард теңгеге жуықтайтын 10 мыңға тарта азамат банкрот атанды. Бұл туралы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Сенатта өткен отырыста Миятов банкроттық процедурасы қалай жүріп жатқанын баяндады.
"Қазіргі таңда 9 841 азамат банкрот деп танылды, олардың қарызы 20 миллиард теңгеге жақын. Олардың арасында 944 азамат немесе 10 пайызы атаулы әлеуметтік көмек алады, берешек сомасы – 1 миллиард теңге. 5 118 адам немесе 52 пайызы банкрот деп танылды, олар бес жыл бойы борышын өтемеген. Қалған азаматтар қарызын 12 айдан бері төлемеген, берешектегі 5,5 миллиард теңгеден асады", - деді Миятов қаржы және бюджет комитетінінің мемлекеттік органдармен кездесуінде.
2023 жылғы наурыз айынан бастап елімізде банкроттық процедурасы жұмыс істей бастады.