Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
- авторjambylinfo.kz
- 1 наурыз, 2024
- 507
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, президент бұл күні Қазақстандағы азаматтар бір-біріне ризашылық танытып, ілтипат көрсететінін атап өтті.
«Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Сондай-ақ татулық, ынтымақ, достық сынды қастерлі құндылықтар жан-жақты дәріптеледі. Мұның бәрі ұлтты ұйыстырудың ұтымды жолы екені сөзсіз. Халқымыздың уақыт сынынан өткен жанашырлық, қамқорлық, мейірімділік сияқты асыл қасиеттері, әсіресе қиын-қыстау кездерде айқын көрінеді», - деді Тоқаев өз құттықтауында.
Осы ретте президент тынымсыз тер төгіп, Қазақстанды көркейтуге өз үлесін қосып жүрген азаматтарға алғыс білдірді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз