жексенбі, 24 қараша, 2024 16:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Байзақ ауданы қаңғыбас ит пен мысықты залалсыздандыруға қанша қаражат бөлгені белгілі болды

Байзақ ауданы қаңғыбас ит пен мысықты залалсыздандыруға қанша қаражат бөлгені белгілі болды
Еркінбек Оразов. Сурет дереккөзі: jambylinfo.kz
Жамбыл облысы Байзақ ауданы ветеренария бөлімінің басшысы Еркінбек Оразов былтыр  ауданда 2094 бас қаңғыбас ит пен мысық ауланғанын мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Оның айтуынша, былтыр Байзақта иттерді чиптеуге, кастрация-стерелизация жасауға, таңбалауға 2 миллион теңге бөлінген. Сонымен қатар, шенеунік ауданда қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша ұстауға арналған панажайдың құрылысы аяқталғанын айтты. Ашық дерек көздеріне сүйенсек, бұл құрылысқа бюджеттен 59 миллион теңге бөлінген. Облыс деңгейінде бұл нысан Жамбыл ауданынан кейінгі ққрылысына қаржы көп бөлінген мекеменің бірі. Осы орайда  jambylinfo.kz тілшісі жауаптыға аталған панажайдың артықшылықтары мен бүгінгі күні қанша жануар бар екенін сұрады.

«Бұл жобаның құны құрылысына байланысты. Бірақ бұл мекеменің бізге қатысы жоқ. Біздің баланста емес, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің балансында. Қазір онда 20-30 ит бар. Біздің міндетіміз кастрация, стерелизация, таңбалау және иесі табылса беру, болмаса ұстаған орнымызға қайта жіберу,- деді бөлім басшысы

Айта кетейік, Байзақ ауданы бойынша 161 700 бас ауыл шаруашылық жануарларға «құжат» берілген.

«Мемлекеттік қызметтер бойынша барлығы 17 392 ветеринариялық анықтама және 5 864 ветеринариялық паспорт берілді. Оның ішінде, 16 769 ветеринариялық анықтама жеке тұлғаларға, ал, 623 ветеринариялық анықтама заңды тұлғаларға берілді. Сонымен қатар, ветеринариялық паспорт 5 550 жеке тұлғаға берілсе, 314 паспорт заңды тұлғаларға берілді,- деді Еркінбек Оразов.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар