дүйсенбі, 25 қараша, 2024 3:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бюджетке 5 трлн теңгеден аса салық түсті

Бюджетке 5 трлн теңгеден аса салық түсті
ашық дереккөзі
Бюджетке 5 трлн теңгеден аса салық түсті
Биылғы қаңтар-тамыз айларында мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 91,4%-ға орындалса, оның ішінде республикалық бюджет 80,9%-ға және жергілікті бюджет 116,4%-ға орындалды.
Мемлекеттік кірістер коми­те­тінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке түскен салық түсімдері өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 11,1%-ға (немесе 646,7 млрд теңгеге) төмендеумен 5 трлн 158,3 млрд теңгені құрады. Оның ішінде республикалық бюджет бойынша 24,4%-ға (немесе 1 037,6 млрд теңгеге) төмендеді, жергілікті бюджет бойынша 25,1%-ға (немесе 390,9 млрд теңгеге) өсті. Республикалық салықтар бөлі­гінде орындалмау КТС (25,0%-ға), ІТӨ-ге ҚҚС (26,4%-ға), үшін­­ші елдерден импортқа ҚҚС (34,3%-ға) және ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС (23,1%-ға) бойынша байқалады. Көрсетілген салықтар бойынша түсімдер өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда КТС (31,9%-ға), ІТӨ-ге ҚҚС (15,7%-ға) және үшінші елдерден импортқа ҚҚС (6,7%-ға) төмендеді. Төмендеудің себебі сыртқы және ішкі факторларға байланысты экономикалық ахуалдың нашарлауы екені белгілі. 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға – 36,5%, мырышқа – 18,3%, алюминийге – 10,9%, қор­ға­сынға – 9,3%, мысқа 5,9% көле­мінде бағаның төмендеуі байқалады. 2020 жылғы 8 айда үшінші елдермен тауар айналымы 11,9%-ға төмендеді (экспорт 15,4%-ға, импорт 4,5%-ға). Оның ішінде тауар айналымының 20,7%-ға төмендеуі биылғы тамызға келеді (экспорт 34,9%-ға азайды, импорт 3,7%-ға өсті). 2020 жылғы 8 айда іске асыру бойынша айналымдар 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыс­тырғанда 11,6%-ға төмендеді (60 066,4 млрд теңгеден 53 120,3 млрд теңгеге дейін). Көрсетілген кезеңде бір салық төлеушіге онлайн БКМ орташа тү­сімі 32,5%-ға төмендеді (29,5 млн теңгеден 19,9 млн теңгеге дейін). Коронавирустың таралуы Қытаймен қатынаста көлік құ­рал­дары санының 12,9%-ға, оның ішінде автокөлік құралдарының 51,5%-ға төмендеуіне әкелді. Биылғы қаңтар-тамыз айларында импорттың іс жүзіндегі көлемі 27,2%-ға төмендеді (1 437 мың тоннадан 1 046 мың тоннаға дейін). Соның салдарынан, ҚХР-дан тауарлар импортынан кедендік баждар мен салықтардың түсімі 10,3%-ға немесе 24,3 млрд теңгеге азайды. 2020 жылғы қаңтар-тамызда ЕАЭО елдерінен бөлінген баждар 14,6%-ға (212 млрд теңгеден 181 млрд теңгеге дейін), оның ішінде биыл тамызда 8,6%-ға төмендеді. Биылғы 8 айда жергілікті бюджетке түсетін салық түсім­дері бойынша жоспар 275 млрд теңгеге артық орындау арқылы 116,4% орындалды. Жергілікті бюджетке салық түсімдері 1 946,3 млрд теңгені құ­ра­ды, өткен жылдың ұқсас кезеңі­мен салыстырғанда 25,1%-ға (немесе 390,9 млрд теңгеге) өсті. Жергілікті бюджет жоспарының артығымен орындалуына кор­поративті табыс салығының жер­гілікті бюджетке берілуі әсер етті.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар