жұма, 27 желтоқсан, 2024 21:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Zoom-нан қандай зиян бар?

Zoom-нан қандай зиян бар?
ашық дереккөзі
Zoom-нан қандай зиян бар?
Эпидемиялық ахуалға байланысты әлем жұртшылығы қашық­тан жұмыс істеуге әбден бейімделді. Онлайн конференциялар, желі­дегі жиналыстар, экранның екі жағында отырып жасала­тын түрлі мәміле мен жиындар күнделікті өміріміздің бір бөлше­гіне айналғандай. Осы орайда пайдаға жарап, әлемдегі бар­лық онлайн басқосулардың басында тұрған «ZOOM» бейнеқо­ңырау­лар мен конференциялар қосымшасы екені де белгілі.
Тіпті пандемия басталғалы қо­­сым­шаны қолданушылар са­ны күрт артқан. Бұл жағдай са­рап­­шыларды алаңдатып отыр. Көп­­­тің көңілінен шығып жүрген пла­т­фор­маның зияны да жоқ емес. Zoom пайдаланушыларға не үшін қауіпті? Жобаның осал тұ­сын Bleeping Computer былай деп түсіндіреді: Windows арқылы ZOOM пайдаланушыларының де­регі жиі ұрланады. Мә­селе мы­­нада, платформа чатта­рын­­дағы Windows UNC жолда­ры (яғ­ни файл жолдары) гипер­сіл­темелерге айналады. Пайда­ла­ну­шы оларға кірген кезде жүйе автоматты түрде NTLM ло­гині мен хэш паролін жібереді. Еш­теңеден күдігі жоқ пайдаланушы, осылайша жеке мәліметін ха­керлерге оңай тарата салғанын өзі де байқамай қалады. Бұл бас­ты проблема емес. Осыған дейін бірнеше әлемдік басылым Zoom пайдаланушыларының жеке конференцияларына бө­тен адамдардың шабуыл жасап, оңай еніп кете алатындығын да жазған. Кейінгі кездері осындай шабуылдың құрбаны болған қолданушылар саны артты. Тіп­ті басқа адамдардың чатына кі­ріп, қатысушыларға балағат сөз айтып, ресми жиындарды ма­заққа айналдырған жағдайлар да тіркелген. Осындай мәселелерге байланысты ZOOM платформасы пайдаланушылар үшін қауіпті деп танылған еді. Компания онлайн-ша­буыл­дардың жиілеуі мен қауіпсіздік шаралары жүйеленбегенін мо­йындап отыр. Тіпті Zoom не­гізін қалаушы Эрик Юань ком­па­ния атынан пайдаланушы де­ректері мен олардың қауіп­сіздігіне қауіп төндіргені үшін кешірім сұраған. Көп ұзамай платформа қа­уіп­­сіздігіне байланысты тиісті ша­ралар да қарастырылды. Мә­селен, қазір топтық бейне­қо­ңы­раулардың қауіпсіздік жүйесіне ең маңызды екі функция енгізілді. Олар: конференцияға қосылу үшін пароль енгізу және күту бөл­мелері. Яғни конференцияға қаты­сушылар сұраныс жіберген адамды күту бөлмесіне қойып, чатқа кіруге тыйым сала алады немесе жиынға қоса алады. Компания барынша тиісті ша­ралар атқарғанымен, маман­дар бұл түзетулердің өзі бағ­дар­ламаның қауіпсіздігіне жауап бе­ре алмай отырғанын айтады. Өйт­кені ZOOM қолданушылары жоспарлағаннан бірнеше есеге көп. Ал арада қанша уақыт өтсе де, платформаны алмастыра алатын балама әлі жасалмады.
egemen.kz  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар