дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 3:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Үкіметке көмектескіміз келеді». Қоғам белсенділері утильалым мәселесін шешуге араласпақ

«Үкіметке көмектескіміз келеді». Қоғам белсенділері утильалым мәселесін шешуге араласпақ
Сурет ашық дереккөзден алынды
Олардың қазір билікке айтар 30 ұсынысы бар

«Қазақстан баспасөз клубында» қоғам белсендісі Санжар Боқаев пен бірқатар азамат қазіргі утильалым мәселесі бойынша биліктің бірқатар кемшілігін атап өтіп, нақты ұсынысы бар екендігін жеткізді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Санжар Боқаевтың сөзінше, отандық автокөлік өндірісі кәсіпкерлердің жеке бизнесіне айналып кеткен. Сондықтан утильалымның қаржысы да миллиардарлердің қалтасына кетіп жатыр. Ал, локализацияның жүрдек жүрісі жеделдегінімен, бұдан халыққа бір тиын пайда жоқ. Өйткені, мұндай тәсіл теміртұлпардың құнын қымбаттата бермек. 

"Қытайдан, Кореядан немесе басқа да шет елдерден келетін көлік қаншалықты кедергілерден өтсе де бізге арзан болады. Өйткені, утильалымның жүйесі бізде дұрыс жасалмаған. «РОП» ЖШС  кезінен бұл қазірге дейін жалғасып келеді",- деді Санжар Боқаев. 

Сонымен қатар, Үкімет шешім қабылдайтын 30 күннің ішінде қоғам белсенділері де бей-жай отырмайтынын айтты. Оның үстіне белсенділер утильалым мәселесі бойынша 30 ұсыныс әзірлеген. 

"1 емес, бізде 30 ұсыныс бар. Біз қол қусырып отыра алмадық. Утильалым жүйесін дұрыс қалыпқа келтіру үшін Үкіметке көмектескіміз келеді. 2 жыл бұрын Тоқаев біздің бастамамызды қолдап, мәселені қайта қарайтыны айтқан. Сонымен қатар еш ойланбастан утильалымның құнын қысқартқан. Бірақ, біз бұл жұмысты қолдамадық. Біз 40 жұмыс күні ішінде халыққа қолжетімді дұрыс жүйе жасап шығара аламыз. Егер Үкімет халық пен билік және олигархтар арасында баланс ұстаймыз десе біз көмектесуге дайынбыз,- деді қоғам белсендісі.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар