сенбі, 22 маусым, 2024 13:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараз оқушылары әскери бөлімнің өмірімен танысты

Тараз оқушылары әскери бөлімнің өмірімен танысты
Сурет: jambylinfo.kz
5513 әскери бөлімі балалар үшін «ашық есік күнін» ұйымдастырған

Тараз қаласындағы 5513 әскери бөлімі «Ашық есік күні» ұйымдастырып, оған қаладағы мектептердің 100-ден астам оқушысын шақырған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Бөлім қолбасшылығы оқушыларға әскери бөлімінің ішінде толыққанды экскурсия ұйымдастырып, оқушылар роталардың барлық казармалық бөлмелерін, сабақ өтетін сыныптарын және спорттық бұрыштарын көрді.  Осылайша, оқушылар сарбаздардың күнделікті өмірі қандай болатыны туралы толық ақпарат алды», - деп хабарлайды әскери бөлімнің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесі бастығының аға көмекшісі лейтенант Салтанат Әзімхан.

Оның айтуынша, әскери қызметшілер оқушылар алдында әскери қару-жарақ пен әскери бөлімнің қаруланған жауынгерлік техникаларын да паш еткен.

«Іс-шараға келген мектеп оқушылары әскери қызметшілерге алғыс айтты. Жалпы, бұндай шаралар патриотизм мен жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда зор маңызға ие», - дейді Салтанат Әзімхан.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар