бейсенбі, 2 мамыр, 2024 17:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Мұнай бағасы өсіп келеді

Мұнай бағасы өсіп келеді
ашық дереккөзі
Мұнай бағасы өсіп келеді

Жуырда «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ 2020 жылдың тоғыз айындағы өндірістік нәтижелерін жария етті. Компания есебінен коронавирус індетінің Қазақстан экономикасының басты тірегі болып отырған салаға, соның ішінде отандық компания көрсеткіштеріне қалай әсер еткенін аңғарамыз. Есепте баяндалғанындай, 2020 жылдың тоғыз айында ҚМГ мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2019 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 6,6 пайызға азайып, 16 423 мың тоннаны (тәулігіне 449 мың баррель) құрады. Ілеспе және табиғи газды өндіру деңгейі 0,9 пайызға, яғни 6 173 миллион текшеметрге дейін төмендеді. Осының ішінде Теңіз кен орнындағы компания үлесіндегі мұнай өндіру 2019 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 8,2 пайызға қысқарып, 4 032 мың тоннаны (тәулігіне 117 мың баррель) құрады. Ал газ өндіру 6,9 пайызға кеміп, 2 238 миллион текшеметрді құрады. Мамандардың айтуы бойынша бұған мұнай өндіру деңгейіне ОПЕК+ келісімінің шектеулері елеулі әсер етті. Керісінше Қашаған кен орнындағы компания үлесіндегі мұнай өндіру деңгейі 13,8 пайызға немесе 954 мың тоннаға дейін (тәулігіне 28 мың баррель) өскен. Табиғи және ілеспе газды өндіру 14,6 пайызға ұлғайып, 576 миллион текшеметрді құраған. Мамандардың айтуы бойынша мұндағы мұнай және газ өндіру 2019 жылы жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесінде артты. Бұл теңіз және жерүсті кешендерінің пайдалану коэффициентін ұлғайтуға, айдау қорын 4 ұңғымадан 6 ұңғымаға дейін көбейтуге, мұнай технологиялық желілерінде қосымша ребойлер қондырғыларын орнатуға, сондай-ақ жаңа ұңғымаларды қолданысқа енгізуге мүмкіндік тудырды. 2020 жылдың тоғыз айында Қашаған кен орнындағы орташа тәуліктік жалпы өндіру (шетелдік команиялар үлесін қоса есептегенде) 100 пайыз деңгейінде сақталып, тәулігіне 333 мың баррельді құраған. Қарашығанақ кен орнында ҚМГ-ның мұнай және конденсат өндіру көрсеткіші тоғыз айда 7,4 пайызға ұлғайып, 816 мың тоннаны (тәулігіне 23 мың баррель) құрады. Газ өндіру деңгейі 1 501 млн текшеметрді құрап, 2019 жылдың тоғыз айындағы деңгейден 7,9 пайызға жоғары болды. Бұған 2019 жылдың қыркүйек-қараша айларында нысандардың алдын ала жүргізілген жоспарлы жөндеу жұмыстарынан кейін Қарашығанақ өңдеу кешенінің (ҚӨК) өндірістік нысандарын және Газды кешенді дайындау қондырғыларын (ГКДҚ-2 және ГКДҚ-3) жаңғырту ықпал етті. келтірілген бұл көрсеткіштер отандық мұнай-газ саласының дамуға бейім екенін, бірақ соған қарамастан, әлемді кернеген пандемия мен халықаралық кикілжіңдердің еліміздегі мұнай мен газ өндірісіне теріс ықпалын тигізіп келе жатқанын дәлелдей түседі.

Думан Ыдырыс,

экономист, сарапшы

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар